Мәтіндердегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу Табиғатты аялайық Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонады.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Мысалы елімізде қоқыс қалдықтарының көбеюі табиғатты ластап жатыр.Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Қоқыс қалдықтары Дүние жүзі халқының жаһандық өсімі шамамен 75 миллион адамды, яғни жылына 1,1% құрайды. Ғалымдардың болжауына сүйенсек, 2030 жылдардың ортасында 8,4 миллиардқа, ал 2050 жылдардың ортасында 9,6 миллиардқа жетеді деп күтілуде. Осы ағынмен халықтың азық-түлік, киім-кешек сияқты күнделікті күн көрісіне арналған тұтынушылық өнімдердің саны да асты. Сорақысы, өнімдердің көбейюі қалдық саннының күрт өсуіне әкеп соқты. Әсіресе, өздігінен ыдырамайтын пластик, шыны, қағаз секілді қалдық саны асты. Аталмыш материалдар ауа қабаты мен өзен, теңіз суларының ластануына, табиғат тепе-теңдігіне қауіп төңдіріп отыр. Сондықтан мәселені алдын алу үшін белгілі бір материал түрлерін қайта өндеу маңызды. Ол арқылы энергияны үнемдеумен қатар парниктік газдардың полигондарға және жану қондырғыларына жіберілетін қалдықтардың мөлшерін азайта аламыз.Бұл тек әлемдік проблема емес, өкінішке қарай біздің ел үшін де өзекті. Себебі Қазақстан жыл сайын 4,5-5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарады. Барлық шығарылған қалдықтарды қайта өңдеуге компаниялардың күш-қуаты жете бермей, аталмыш 100 пайыз қалдықтың тек 12 пайызы ғана қайта өңделіп, қалған 88 пайызы қоқыс полигондарға төгіледі я болмаса қоқысты қажетіне жарататын компанияларына сатылады.Үкімет 2030 жылға дейін қалдықтардың 40 пайызын, ал 2050 жылға дейін 50 пайызын қайта өңдеуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Соған орай елде қайта өңдеуге арналған шағын кәсіпорындар пайда болды, алайда көпшілігінің қаржылық мүмкіндіктері шектеулі. Шыны керек, қоқыстың көп бөлігі мегаполисті шаһарлардан шығады. Сондықтан ірі қалаларда сұрыптауға арналған контейнерлердің болуы өте маңызды. Бірақ сұрыптау контейнерлерінің саны қазіргі таңда жеткіліксіз, сонымен қатар тұрғындар аталмыш контейнерлерді дұрыс пайдалана бермейді.