Пәні: Технология Тақырыбы: Киіз үй Тобы



бет2/7
Дата15.04.2023
өлшемі58,63 Kb.
#82891
1   2   3   4   5   6   7
2.1Киіз үйдің түрлері
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, қара үй (үш қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты «отау» дейді.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл - киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.
2.Сол жақ (кіргенде оң жақ) - үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.
4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады:
1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).
2. Киіздері (ши де осыған кіреді).
3. Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы. Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі. Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі. Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі. Қараша үй – кедей үйі. Отау – жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер. Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері. Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан баулары. Үй сүйектері – үйдің ағаштан тұратын бөліктері. Киіздер – киізден тұратын бөлшектер. Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан. Бау, жіптен тұратын бөліктері. Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады: Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері. Күлдіреуіш – түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек. Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш. Қаламдық – уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік. Уық – шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш. Қаламы – уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы. Қары – уақтың иініне дейінгі бойы. Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы. Алақаны – уықтың керегебасына бекітілетін басы. Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп. Кереге – жиналған кереге. Желі – керегені құрайтын ағаштар. Ерісі – ағаштардан кереге құрайтын ұзыны. Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы. Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр. Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз) Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері. Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі. Маңдайша – екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш. Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш. Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек. Туырлық – ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз. Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі. Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз. Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз. Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау. Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік. Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши. Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши. Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр. Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады. Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар. Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шрғы. Есікбау – киіз есіктің бауы. Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау. Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы. Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы. Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз. Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан. Күйеу қазық – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш. Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы. Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан. Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.
Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.
Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан баулары.
Үй сүйектері – үйдің ағаштан тұратын бөліктері.
Киіздер – киізден тұратын бөлшектер.
Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан. Бау, жіптен тұратын бөліктері.
Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады:
Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Күлдіреуіш – түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
Қаламдық – уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Уық – шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш.
Қаламы – уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.
Қары – уақтың иініне дейінгі бойы.
Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Алақаны – уықтың керегебасына бекітілетін басы.
Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.
Кереге – жиналған кереге.
Желі – керегені құрайтын ағаштар.
Ерісі – ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.
Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.
Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Маңдайша – екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.
Туырлық – ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.
Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.
Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.
Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.
Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау.
Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.
Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши.
Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.
Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.
Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар.
Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шрғы.
Есікбау – киіз есіктің бауы.
Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.
Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.
Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.
Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
Күйеу қазық – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш.
Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.

Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су етпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап, қоралайды. Көбінесе қопалы, қамысты жерді паналайтындықтан, жел де көп болмайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады.


Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар (ыру) жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен-кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.
Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік - сықырлауық - ағаштан жасалады, екіншісі - киіз есік - киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықталып жиналып қойылады, жай күндері күн түспес үшін, оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады.
Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жарма есіктен құралып, керегеге бекітіледі. Керегелер бір-біріне таңғыш құр арқылы жалғасады. Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдайшаның екі жағына мықтап байланады. Үйдің барлық ауырлығын ұстайтын, беріктігін сақтайтын бас арқан. Сәндік үшін бас арқан тұсынан және кереге басы туырлықты қажамас үшін басқұр жүргізіледі.
Уық - кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Ол иінінен ішке иіле жасалады, яғни үйдің күмбезді үлгісі осы уықтан басталады. Шаңырақ - киіз үйдің қасиеті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады. Шаңырақ «үй, отбасы - деген мағынаны да білдіреді. «Шаңырағын биік болсын» деген тілек бар. Киіз үй шаңырағы: тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғынды, яғни шеңберді, қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды, жиілеп қаламдық ояды. Күлдіреуіш шаңырақ күмбезін жасайды. Кепілдік күлдіреуіштің орнынан қозғалып кетпеуі үшін қызмет етеді.
Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды. Ол ағашқа піл сүйегі түстес өң береді, әрі оған су сіңбейді. Салтанатты ордалардың шаңырағын, уығын, кереге басын, маңдайшасын оюлайды, өрнектейді. Ауқаттылар күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейлейді.
Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Ертеректе қазақта қой көп. Сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған. Міне, осы жүннен үй киіздері дайындалады. Қазақ даласында жүннің көптігі сондай. 25 мың қойы бар Қызылжарлық Қосшығұл деген бай қойдың жабағысымен құрт қайнатады екен. (С.Мұқанов «Халық мұрасы», 99-бет. 1974 ж) Оның әзірлеу, дайындау, пішу жолдары ұзақ бір ғылыми этнографиялық шығармаға лайық. Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық бау, түндік бау, үзік бау, жел бау деп аталады. Туырлық пен үзіктердің өзара айқасатын жерін жабық дейді. Туырлық пен үзік баулары кестелі. Оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады. Киіз сыртынан жел көтермес үшін екі белдеу арқан тартылады. Үйге қолданылатын арқан түрлері де көп.
Шаңырақта желбау деп аталатын ою-өрнекті. 4 шашақты бау болады. Ол желді күні шаңырақты бастыруға, көшкенде байлауға аса қажет. Жай күндері үйге әсемдік, көрік беріп тұрады.
Үй киіздерін әзірлеп болғаннан кейін, оны ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды. Бұл әдемі ақ түс береді, әрі киіздердің берік болуына, су, жылу, суық өтпеуіне едәуір әсер етеді.Шаңырақ Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.
Шаңырақ Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспанағана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.Шаңырақ — қасиетті. Шаңырақ үннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған.Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.
 Есiк пен төр
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.Есiкке қарама - қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон - Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.
Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар.Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi. Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз - қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға.Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т. б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т. б. құйылады.
Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген.
Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр - ақ қайырады.
Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер - тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т. б. қойылады. Қатты жауын - шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек - орнымен сол жаққа өтедi. Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке - шешең аман болсын деген астар жатыр.
 Қазан - ошақ
Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады. Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек. Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын - баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi.Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке - бiрлiктiң символы ретiнде де таниды.
Бақан, адалбақан
Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек - орнымен сол жаққа шыққан ерлi - зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды. Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам — адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны күйзелгенде «Төрiмнен көрiм жақын» деп қиналатыны да бар. Табалдырықты баспа!Ертедегi түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен, ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн мәнге ие.
Мысалы, ертеректе шала - жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн табалдырықтың астына көметiн болған.
Басқұр–киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ табиғи мал (қой) жүнінен иіріліп тоқылған бірі-қалы басқұр, бірі-өткізбе басқұр. Басқұрды өсіп-өнген, ата-тегінде жаманат сөзі жоқ адамдар тоқиды. Екі түрлі басқұрдың ұсталуы, сол үйдің әлеуметтік әл-ауқатын да байқатады. Үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау-үзік бау, туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қылдан тоқылған бастырма арқан-жел-бау байланды. Ағаш үйдің сүйектері құрылып болған соң, бау-шуы: басқұры жүргізіліп, үйдің сыртқы киіз жабындыларын мұғалімдер жабуға кірісті. Сыртқы жабындылар күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Олар ақ қойдың күзем жүнінен басылған киізден жабылады. Туырлық керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұр. Туырлықтың негізгі қызметі үзікті туырып ұстап тұру. Үйдің туырлықсыз жабылатын кезі болады. Бұған дауылпаз ақын Махамбеттің: 
-Туырлықсыз тұл үйге 
Ту байласаң, тұрар ма?- деген өлеңінен үзінді есімізге түседі. 
Ағаш үй жабындыларының ішіндегі ең көлемдісі, әрі күрделісі осы- екі үзік. Осы үзіктің пішімін келтіру, пішу кез келген киіз шеберінің қолынан келмейді. Үзікке екі жиек жүргізіледі, себебі, үй конусына қонымдылығы, жатағандығы, үйдің иіні, әсемдігі барлығы-шебердің тарапынан ескеріледі. Үзік иініне жүргізілген дөдегенің ұзындығы уықтың иініне дәл келуі тиіс.
 Киіз есік немесе ши есік ауыр болып келеді. Сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы екі жағынан байланған жібі арқылы өткізіліп ұсталады. Бұл есіктің төзімділігін: жылуды ұстауға, ұзақ сақталуға шыдамды болуы үшін бірнеше қабаттан: сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден немесе көрнекті болуы үшін сырмақтан да жасалады. Ши есік көлемді келеді, айналасы қара қойдың жүнінен бөлек басылып, тігіліп, жиектеледі, ішкі жағынан үш жерден бел ағаш салынады, төменгі жағы сықырлауықты толық жабатындай төртбұрышты кейіпте, ал жоғарғы жағы биіктеген сайын дөңестеніп, шаңыраққа дейін жеткізіледі. Формалары әр түрлі болып келеді. Қазақ баласы үйге еңкейіп кіреді.
Түндік–шаңырақты, киіз есікті, үзік шетін бастыра жабылды. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланды. Жел көтеріп, желпіп кетпеуі үшін, Амангүл апайдың келіні Алмагүл түндікті ық жақтан қайырып ашты. Ең соңынан киіз үйдің қара қойдың жүнінен басылған іргелігі ұсталып, сыртынан аяқ бауы байланды. Әрбір іргелік екі қатарлы ала жіппен жиектелді. Іргеліктің саны- төртеу. Үйдің сыртынан айналдыра ала жіптен есілген бел арқан байланды. Күнге күйген қоңырқай үй пайда болды. Үйдің ішкі төсеніштері төселіп, ең бастысы оюланған ақ текемет төрге жайылып, одан кейін жүзтеру алашалар, ал есіктің алдына тулақ жайылды.Қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты. Киіз үйге байланысты бата-тілектер, ырым-тыйымдар, ән, жұмбақ, жаңылтпаш т.б. өте көп. 
 Киіз үйдің құрылуын математикамен байланыстырып, жер шарының моделi іспеттес екендігін ғалымдар дәлелдеген. Ұрпақтарымыз кешегіні білмей бүгінгінің қадірін түсінбейді. Киіз үйді тек көшпенділіктің белгісі ретінде қабылдайтын пікірлер көп. Киіз үй-ата-бабаларымыздың тұрмысын, сәулет өнерін, қолөнерін бейнелейді, сондықтан осыларды оқушыларға таныстыру үшін, бірінші мұғалімдердің киіз үй туралы ақпаратын толықтырып, киіз үй жабдықтарымен жұмыс жасай білуін қолға алуымыз тиіс. Үй тігуге қолғабыс жасап, әрі үйренген тыңдаушылар ұлттық құндылықтарды қалай дәріптеудің, бағалаудың парқын түсініп, сезінді. Киіз үй туралы қанша жазылып жатыр, алайда халық мұра ретінде қадірлей алмауда, себебі, рухани түсінік жеткіліксіз. Қазаққа ғасырлар бойы құтты баспана болған киіз үй сүйектерін: уық, кереге жасайтын елімізде бірде-бір мекеме жоқ, барлығы сырттан, Қарақалпақстан-Шымбайдан, алынады. Ұлттық жәдігерлеріміз ұмытылмас үшін, ағаш үйдің сүйектері өз елімізде жасалуы тиіс. Осылай жалғаса берсе, 100-200 жылдан кейін бұл жәдігерлер түп тамырымен жойылып, тек мұражайлардан табылуы ғажап емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет