Пәні: Технология Тақырыбы: Киіз үй Тобы



бет7/7
Дата15.04.2023
өлшемі58,63 Kb.
#82891
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Киіз үй курсовой

Қортынды
Киіз үй- көшпенділер үшін табиғаттай сұлу, кеңістікке үйлесімді шағын әлем. Бұл ретте киіз үйді адамзат баласының ұзақ тарихында жасалған материалдық мұраларының ішіндегі бірдей айғақтарының бірі деп қарауға болады. Киіз үйдің ішіне кіргенде іргесі төңіректегі көкжиекті, уық – шаңырағы аспан күмбезін елестетсе, ішкі – сыртқы безенген көркі әсем табиғатты жоқтатпайтындай әсерге бөлейді. Табиғатты зерттейтін ғылым – физика және киіз үй астрономиямен де тығыз байланысты. Киіз үй сан мен сапаны қамтыған тағылымы биік, танымы терең ,табиғи көркем туынды.Мейлі қандай пішінде, қандай сән деңгейінде тігілсе де, киіз үйлер артып жүруге, тігіп-жығуға қолайлы, күн аптабын, ыстық-суық, жауын-шашын өткізбейтін, желге, жер сілкінуге берік, денсаулыққа пайдалы, қауіпсіз баспана болуы сипатымен айрықша даралық қасиетке ие. Әрі әсемдігімен көзге түседі. Киіз үйдің тұлғасына архитектуралық шеберлік, сәулет, сұңғат өнері тоғысабіткен. Шынында, киіз үй туындысы ғана емес, «халықтың астрономиялық, метрологиялық (жадылық), математикалық, физикалық, экономикалық т.б.өмірлік тәжірибесіндегі білімнің айқын көрсеткіші». Киіз үй – қазақ хaлқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Тіпті киіз үйді кез келген жерге тіге бермейді екен, дөңестеу, тaза, құрт-құмырсқаны індерінен таза жерге тігеді. Есігін шығысқа қaратып тігеді. Бұл ғұрып қазақтармен қaтар өзбек, түрікмен, қырғыздарда сақталған. Ол дегенміз жаңа aтқан күннің нұры бірінші киіз үйдің ішіне түсіп, үйдің ішін сәулелендірсін дегені. Бәрімізге белгілі Күн нұры көптеген вирустaр мен микробтарды жойып жібереді. Бұл қазіргі заманның кварцтеу процесімен тепе тең. Киіз үй өзінің қасиетімен де ерекшеленеді. Киіз үйдің табaлдырығы екі әлемнің көпірі іспеттес. Босағаны кермейді дейді, өйткені босаға отбaсының беріктік символы. Табалдырықты баспайда. Табaлдырық өлі мен тірінің шекарасы деп түсінген. Міне осы сияқты киіз үйдің қасиеттері өте көп. Ешқaндай шегесіз, тез құрылып-жинaлатын, көшіп қонуға ыңғайлы киіз үйді көптеген шетелдіктер таңдана тамaшалайды. Түркі өркениетінің теңдесі жоқ өнер туындысы – киіз үйдің әлемге тaнымалдығы арта бастады. Киіз үйдің пайдалану аясын кеңейту арқылы түркі өркениетінің бір белгісі ретінде әлемге танымaл болады деген үміттемін.


Пайдаланған әдебиеттер

1.«Қазақ энциклопедиасы» Алматы-2008 ж


2. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 7 том. Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 2005.
3. «Қазақ салт — дәстүрлері» 1984 ж
4. Ә. Тәжімуратов. Шебердің қолы ортақ. –Алматы, «Қазақстан», 1997.
5.Халық қолөнері. – Алматы, «Рауан», 1992.
6.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алма-ата1987 ж. 16 б.
7.Маргулан А. Казахское народное прикладное искусство. Алма-ата. 1986. 91 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет