Пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін диктант түрлері Орындаған: Жәмітбай Мөлдір Тобы: ноо-19 Тексерген: Дюсенбаева Жанбиби



бет5/15
Дата28.03.2023
өлшемі45,83 Kb.
#77016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-84381

1.2. Ойды дамыту – тіл дамыту негізі.
1.Бақылау. Балалардың сөзі шындыққа негізделуін, мазмұнды болуын мұғалім үнемі қадағалап отырады. Тіл дамытудың негізгі қайнар бұлағы – баланың өзін қоршаған ортасы, өзінің басынан өтіп жатқан түрлі оқиғалар, өз тәжірибелері, оның ішінде, әсіресе, белгілі бір мақсатты түрде әдейілеп қабылдаған, яғни бақылау жүргізген бөлігі. Адам ойының дамуында бақылағыштықтың алар орны ерекше. Осы қасиеттің арқасында адам кез келген уақытта көзге түсе қоймайтын немесе көп мән бермей, үстірт өте шығатын нәрселерге ерекше зейін қояды. Бақылау арқылы жинаған материалдарын сөйлемдер, мазмұндама, шығарма құрастыруға, сол сияқты түрлі жаттығуларға пайдаланады.
Тіл дамытуда кітап материалының едәуір пайдасы бар. Ол мәліметтерге талдау жасау, кейбір жағдайларда бақылау арқылы жинаған материалын кітап материалымен ұштастыра пайдалану балалардың ойын дамытады, тілін байытады.
Тіл дамытуда мұғалім ақыл-ой жұмысының белгілі формаларына (анализ, синтез, индукция, дедукция, маңызды белгілерді табу, қорытындылау, ой міндеттерін шешу, себеп-салдар байланыстарын анықтау, салыстыру және қарама-қарсы қою) сүйенеді.
Заттың белгілерін не құбылысқа тән белгілерді табу байқағыштық қасиетке байланысты, бұл естің жұмысына да қатысты. Бақылау жүйелі және алуан түрлі материалдар бойынша жүргізіледі. Неше түрлі табиғат құбылыстары, құстардың түрлі дауыстары, адамның сөйлеуі, музыка, гүлдердің хош иістері, заттардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары – осының бәрін бақылай білу керек. Балаларды білуге құштарлыққа, көре білуге, ести білуге, иіс сезе білушілікке, айналадағы дүниені қабылдауға тәрбиелеу – олардың ойын да, тілін де дамытудың негізгі жолы болып табылады.
2. Салыстыру. Мұнда заттар мен құбылыстардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Заттардағы белгілерді тапқан секілді, бұл да ақыл-ойдың аналитикалық жұмысы. Бірақ, салыстыру күрделі, мұнда синтез, жалпылау, қорытындылау элементтері іске асады.
Оқушылар заттарға тән белгілерді таба алатын дәрежеге жеткен кезде ғана салыстыруды жүргізуге болады. Өйткені заттар белгілері арқылы ғана салыстырылады.
Салыстыру тапсырмаларында мына мәселені ескеру қажет: ортақ белгілері бар заттар мен құбылыстар беріледі. Салыстыру мақсатты болуы керек. Мысалы, қасқыр мен итті салыстырғанда сыртқы белгілеріне қарай ғана емес, мінез-құлықтарына, адамға тигізетін пайда-зиянына қарай да салыстыруға болады. Салыстырудың аяғында қорытынды жасалу керек. Бұл жұмыс әуелі екі затты не құбылысты салыстырудан басталып, кейін үш-төрт, тіпті одан да көп заттарды салыстыруға болады.
Алғашқы кезде, әсіресе 1-сыныпта, заттарды қарама-қарсы белгілеріне қарай салыстыру оңайға түседі. Сонымен қатар оларға салыстыру үлгілері де беріліп отырады. Мұны өтілген материалдар бойынша жүргізген өте қолайлы.
Ал, 2-сыныпта да, заттар мен құбылыстар салыстырылады. Бірақ мұнда жұмыс күрделендіріле жүргізіледі, салыстыруға үш-төрт зат жиі-жиі тапсырылады, адамдардың түрлі әрекеттері, мінез-құлықтары (оқыған әңгімелері бойынша) салыстырылады. Мұнда 1-сыныптағыдай сұрақ-жауап арқылы емес, мүмкіндігінше, балалар өз беттерімен әңгімелеп айтады.
3-сыныпта оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған дағдылары жетілдіріле береді. Балалар бақылаған материалдарын өздіктерінен салыстыра алулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет