Пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін диктант түрлері Орындаған: Жәмітбай Мөлдір Тобы: ноо-19 Тексерген: Дюсенбаева Жанбиби



бет6/15
Дата28.03.2023
өлшемі45,83 Kb.
#77016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-84381

3. Ұғыммен жұмыс. Оқушылардың ойын дамытуда басты міндеттердің бірі – ойдың бастапқы формасы – ұғым қалыптастыру. Ұғымда шындықтағы заттар мен құбылыстардың жалпы және негізгі белгілері бейнеленеді. Бұл белгілер ұғымда жалпыланады, сондықтан, кез келген ұғым – жалпылай алудың нәтижесі. Ұғым жалпы және дара болып бөлінеді. Оқушылар дара ұғымды жалпыға айналдырып жаттығады. Бастауыш сынып оқушылары құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне жасалады. Психолог Қ. Жарықбаев: «Бастауыш сынып оқушылары нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары китті көбінесе балық деп санайды. Өйткені, киттің суда жүзетіндігі, сыртқы түрі балыққа ұқсас екендігі рас. Мұндағы киттің ауамен дем алатыны, балаларын сүтпен қоректендіретінін айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір түріне жатады деп ойлайды », – деп көрсетеді. Балаларды ұғым қалыптастыруға үйрету үшін әсіресе, 1-3-сыныптарда арнаулы жаттығулар жүргізіледі. Үздік ұстаздар жаттығудың мына сияқты түрлерін көбірек қолданады:
1. Оқушыларға суреттер, заттар немесе сөздер беріледі. Оларды балалар бір топқа жинақтайды, артығы болса, сызып тастайды немесе топқа енгізбейді.
Оқушылар артық сөздерді немесе заттарды ол топқа енгізу себебін толық дәлелдеп беруге тиіс. Кейде бір топқа енген заттарға ортақ белгілерді тапқаннан кейін әрқайсысының жеке белгілерін сипаттатып шығарма да жаздыруға болады.
2. Оқушыларға бір ұғым бойынша жалпыланған заттарды ұсынып, жеке ұғымдар анықталады. Жалпылауға жаттығу грамматикалық, орфографиялық материалдар бойынша да жүргізіледі. Мысалы, заттың қимылын білдіретін сөздерді оқушылар етістік дейді.
Ұғым біртіндеп бақылаудың, заттың негізгі, басты белгілерін табудың нәтижесінде, оларды жалпылаудың, бір топқа біріктірудің, классификациялаудың нәтижесінде қалыптасады. Сөйлескен кезде де ұғым білдіретін сөздерді пайдаланудың маңызы зор. Ұғымды жалпылау анағұрлым күрделі ойлау операциясына – ұғымды анықтауға көмектеседі.
Алайда бастауыш сынып оқушыларының ұғымы әлі шағын, сондықтан мұндай тапсырманы шамадан тыс көбейтіп жіберуге де болмайды. Ал сипаттау әңгімелерінің ұғымсыз іске асуы мүмкін емес екені белгілі. Оқушылар сөздің ішкі мәнін түсінбесе, затты сипаттап та бере алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет