Пәнінен мейіргер ісіне емтихан сұрақтары. Мейірбикелік үрдіс және оның кезеңдері


Токсикомания туралы түсінік,аурудың даму фазалары



бет2/11
Дата11.12.2023
өлшемі34,18 Kb.
#137089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Емтихан сұрақтары

27. Токсикомания туралы түсінік,аурудың даму фазалары.
28. Парафренді синдром.
29.Ситуациялық есеп: Ер адам, 30 жаста, даусы қарлыққанша көп сойлейді, кез-келген науқастармен сөйлесуге тырысады, бірақ аяғына дейін тындамай, басқа адамға әуестеніп, өлең айта бастайды. Еденді жуғалы жатқан санитар қызметкерін көріп, оған көмектесуге ұмтылады, бірақ бастаған жұмысын тастап, шахмат ойнап жатқан науқастарға ақыл айта бастайды.
Ол шаршамайды, жаңылтпаштап сөйлейді,көңілі көтеріңкі.

1.Науқастың синдромын анықтаңыз.
2.Науқастың психикалық жағдайын бағалаңыз.
3.Күтім жоспарын ұйымдастырыңыз.


30. Ситуациялық есеп. Ер адам, 40 жаста, программист. Көңіл-күйі өте жоғары, қимыл қозғалысы көбірек, өз әкесінің «белігілі саясаткер» екендігін, анасы- белгілі әйелдердің бірі екендігін айтады. Бала кезінде басқа планетада ұшып жүргенін есіне алады. Ол «адамдардың ішіндегі ең ұлысы», көп байлықтың иесі, «түрлі елдерде үйлері мен виллалары» бар деп санайды.
1.Науқастың синдромын анықтаңыз.
2. Науқастың психикалық жағдайын бағалаңыз.

3.Күтім жоспарын ұйымдастырыңыз.
31. Ситуациялық есеп .27 жастағы әйел, ұйқы мен көңіл-күйінің бұзылысына шағымданып, алғаш рет психиатриялық ауруханаға түсті. Соңғы 6 айдың ішінде жұмысына назар салмайды, күн сайын жылайды, өмірге қызығушылығы жоқ. 13 кг-ға арықтаған, ұзақ уақыт ұйықтай алмайды және таңертең ояна алмайды. Онкологиялық аурудан қайтыс болатынына сенімді. «Менің асқазаным ішімде шіріп жатыр» дейді.
1.Науқастың синдромын анықтаңыз.
2. Науқастың психикалық жағдайын бағалаңыз

3.Күтім жоспарын ұйымдастырыңыз.
32.Ситуациялық есеп. 17 жастағы қыз, температурасы жоғары, тұмауланған, қараған кезде тынышсыз, үрейлі, мазасыз, назары тұрақсыз. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы бағдары бұзылған. Төсектен жиі атып тұрады, жастық астынан бірдеңе іздейді, төсек астын қарайды, қабырғаны қолмен сипалайды, көрінген жәндіктерді ұстап алғысы келеді. Кейбір кезде шошып аларып қарайды, өзімен-өзі сөйлеседі.
1.Науқастың синдромын анықтаңыз.
2. Науқастың психикалық жағдайын бағалаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет