Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жеке жұмыс
Әдебиеттер:[4], [5], [9].
№5 практикалық сабақ тақырыбы: Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі. Математикалық ұғымдар. Математикалық сөйлемдер. Дәлелдеу.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі.
Математикалық ұғымдар. Математикалық сөйлемдер. Дәлелдеу.
1-тапсырма. Ұғым - қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиетін сипаттайды. Ұғымға мысал: сан, кесінді, шек, туынды және т.б. Ұғымға тән сипаттамаларды айтыңыздар.
2-тапсырма. Ұғымның мазмұны деп, нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығын айтады. Ұғымның көлемі деп, нәрселердің осы ұғымға тарайтын жиынтығын айтады. Мысалы, «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны-үш қабырға, үш төбе, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Мысалдар келтіріп, сол ұғымның көлемі мен мазмұнын айтыңыздар.
3-тапсырма. 8 сынып геометрия курсын оқу барысында жаңа ұғымдарды жазыңыздар. Олардың ішінен салыстырылатын, үйлесімді және үйлесімсіз, тепе-тең, айқасатын және қамту қатынысындағы ұғымдарды табыңыздар.
4-тапсырма. «Түзу сызық» анықталмаған ұғымын қалыптастыру әдістемесін тұжырымдаңыздар. ЖОО-да қалай қалыптырасыз?
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: топтық жұмыс
Әдебиеттер:[5], [6], [8].
№6 практикалық сабақ тақырыбы: Жоғары мектептегі математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Жоғары мектептегі математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі.
Математиканы оқытудағы есептердің мәні. Математиканы оқыту үрдісіндегі есептердің ролі.
1-тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
2-тапсырма. Жоғары және орта мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?
3-тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?
4-тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?
5-тапсырма. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |