Сандық ақпараттың ұсынылуы. Тарихи компьютерде ең бірінші сандық типі деректер өңделген болатын, себебі бірінші ЭЕМ-лар тек математикалық есептеулер үшін қолданығаны белгілі. Джон фон Нейманның принциптеріне сәйкес, ЭЕМ есептеу екілік санау жүйесінде орындалады.
Компьютер жадысының негізгі құрылым бірліктері – бит, байт, машиналық сөз. Бит, байт ұғымы компьютердің моделіне тәуелсіз болса, машиналық сөздің өлшемі компьютердің процессорына байланысты болады. Егер машиналық сөз 4-байтты құраса, онда компьютердің процессоры 32-разрядтық, 8-байтты құраса 64-разрядтық болады.
Машиналық сөз — биттер немесе байттар мен өлшенетін процессордың регистрлерінің разрядтылығына және/немесе деректер шинасының разрядтылығына (әдетте екінің кейбір дәрежесі) тең шама [21].
Компьютер жадында сандар – тиянақты нүктелі және жылжымалы нүктелі екі пішімде сақталады. Тиянақты нүктелі пішімде тек қана бүтін сандар, ал жылжымалы нүктелі пішіммен – нақты сандар (бүтін және бөлшек) ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |