<айнымалы> := <өрнек>
Бұйрықтағы «:=» белгісін, «меншіктеу» – деп оқу қажет. Бұл нұсқау мына әрекеттер тәртібін белгілейді:
1) өрнекті есептеу;
2) шыққан нәтижені айнымалыға меншіктеу.
Меншіктеу бұйрығы оңнан солға қарай орындалады. Осыған оқушылардың назарын аудару қажет. Меншіктеу бұйрығын математикалық теңдікпен шатастыруға болмайды!
Әдетте, меншіктеуді және теңдікті бірдей санайтын оқушыларға, мынадай: Х:= Х+1 бұйрық мүлдем түсініксіз болып көрінеді. Мұндай математикалық теңдіктің болуы мүмкін емес!
Бұл бұйрықтың мәнін былай түсіндіру керек: айнымалы Х-ң мәніне 1 қосылады да, нәтижесі қайтадан осы Х айнымалысына меншіктеледі. Басқаша айтқанда, бұйрық Х айнымалысының мәнін бірге өсіреді. Мынадай жаттығуларды талдауға болады:
Мысалы: мына меншіктеу бұйрықтарының тізбегі орындалу нәтижесінде X айнымалысының ақырғы мәнін анықтайық. Әр бұйрықтың тұсына фигуралық жақша ішіне Х айнымалысына жаңадан меншіктелген нәтижені жазамыз:
Х:=2 {2}
Х:=Х*Х {4}
Х:= Х*Х*Х {64}
Бағдарламалауда енгізу ұғымы – деректерді кез келген сыртқы құрылғыдан жедел жадыға жіберу процесі деп түсініледі. Әйтсе де, бағдарламалаудың бастамасында деректерді жедел жадыға енгізу негізінен пернетақта арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда енгізуді компьютер адаммен бірлесіп жасайды. Енгізу бұйрығы бойынша, процессордың жұмысы үзіледі және пайдаланушының әрекетін тосады; пайдаланушы пернетақтада енгізілетін деректерді тереді, және пернесін басады; мәндер енгізілетін айнымалыларға меншіктеледі.
Оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптердің ең бастысы көрнекілік екені белгілі. Әрбір оқылатын ұғым, оқушылардың санасында қалайда бір көзбен шолынатын бейнемен бекітілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |