1.4. Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы
Қарастырылатын сұрақтар:
-алфавит дегеніміз не, алфавиттің қуаттылығы;
-алфавиттегі символдың ақпараттық салмағы дегеніміз не;
-алфавиттік тұрғыдан қарағанда мәтіннің ақпараттық көлемін қалай өлшеуге болады;
-байт, килобайт, мегабайт, гигабайт деген не.
Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы, жоғарыда қарасты-рылған мағыналық тұрғыдан өлшеудің баламасы болып табылады. Мұнда қандайда бір алфавиттің символдарынан құрастырылған мәтіндегі (символдық хабардың) ақпарат санын өлшеу қарастырыла-ды. Ақпараттың мұндай өлшемі мәтіннің мағынасына еш қатысы жоқ.
Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы – компьютерлерде, ақпараттық техникаларда айналып жүрген ақпаратты өлшеуге қолдануға болатын жалғыз әдіс.
Бұл тақырыптың тірегі – алфавит ұғымы. Алфавит - ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген символдар жиыны.
Алфавиттің қуаттылығы деп, алфавиттегі символдардың толық санын айтады.
Егерде алфавиттегі барлық символдар бірдей жиілікпен (тең ықтималды) кезігеді деп жорамалдалса, онда әр (i) символдың беретін ақпарат саны Хартли теңдеуімен есептеледі:
2i = N , мұндағы N — алфавиттің қуаттылығы; i – шамасы символдың ақпараттық салмағы.
Бұдан мынадай тұжырым шығады: К символдан тұратын бүкіл мәтіндегі ақпарат санын (I) есептеу үшін әр символдың ақпараттық салмағын (і) К-ға көбейтеді – I = К і
Бұл шаманы мәтіннің ақпараттық көлемі деп атауға болады.
Ақпаратты жіберуге жарамды алфавиттің ең аз қуаттылығы 2-ге тең. Мұндай алфавит – екілік алфавит деп аталады.
Екілік алфавиттегі символдың ақпараттық салмағы: 2i = 2 болғандықтан, i = 1 бит болады. Сонымен, екілік алфавиттің бір символы 1 бит ақпарат береді. Бұл жағдаймен оқушылар, компьютердің ішкі тілінің алфавиті – екілік кодтау тілімен танысқанда кезігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |