Пәннің жұмыс бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін Қазмма ның әдістемелі секциясы ұсынған типтік бағдарламасы негізінде проф. Асимов А. А., аға оқытушы Қожамжарова К.Ө., аға оқытушы Жаканова Т. А



бет2/9
Дата19.12.2023
өлшемі218 Kb.
#140998
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.Жалпы мәлімет:
ЖОО аталуы: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра Коммуникативті дағдылар, психотерапия негізі, жалпы және медициналық психология
Пән, пәннің коды: «Коммуникативті дағдылар - 1» KN–1 1220
Мамандық: «Стоматология» - 051202
Оқу сағатының көлемі (кредит): - 54 сағат
Оқу курсы және семестрі – бірінші курс, екінші семестр
2. Бағдарлама.
2.1.Кіріспе.
Коммуникативті дағдылар барлық медициналық мамандықтарға ортақ біліктілік деп қарастырылып, үздіксіз кәсіби дамудың негізі деп есептеліп, дәрігермен қарым – қатынасын қалыптастыруға және нығайтуға, науқас туралы мәлімет жинап, ақпарат алмасуға, шешім қабылдап, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету аумағына ілінген әріптестер мен басқа да мамандармен қарым – қатынасқа тірек болып табылады. Дәрігер мен пациенттің тиімді қарым – қатынастың науқасқа тағайындалған емді дұрыс түсінуіне себін тигізіпоның комплайнесін (науқастың қанағаттануы) және денсаулығын күшейтуге көмектеседі.
Тиімді коммуникативтік дағдылар басқа адамдарменг үйлесімді қарым – қатынасты қамтамасыз етіп науқастың қанағаттану сезімін күшейтеді.
Коммуникативті білікті болу үшін оқу үрдісінде қалыптасқан іскерліктер мен дағдыларды кәсіби қарым – қатынастың барысында үнемі дамытып отыру шарт.
«Коммуникативті дағдылар - 1» пәнінің бағдарламасы дәрігердің науқаспен, оның туыстарымен және өзінің әріптестерімен тиімді қарым – қатынасқа жетілдіруге бағытталған.
2.2.Пән мақсаты : дәрігерде әр түрлі жағдайларда науқаспен, оның туыстарымен өзінің әріптестерімен тиімді қарым – қатынасқа түсе білу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
2.3.Пәннің міндеттері:
- әр түрлі науқастармен тиімді коммуникацияға түсу дағдыларын жетілдіру;
- әріптестерімен, орта және төменгі медициналық персоналмен командада жұмыс істеу білу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
- жазылмас науқастармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
- Тұлғааралық байланыстарға түсе білуге деген өзінің мотивциясын жоғарлату;
- студенттерде коммуникативтік дағдылар, коммуникативтік процесс, коммуникативтік біліктілік ұғымдарын меңгерту;
- науқаспен, оның туыстарымен, өзінің әріптестерімен қақтығыссыз жұмыс істеу үшін тиімді қарым- қатынастың маңызы туралы түсінік қалыптастыру;
- дәрігердің жеке басына қойылатын психологиядық талаптар туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
- медициналық интервью алу іскерліктерін қалыптастыр;
- науқаспен, оның туыстарымен, өзінің әріптестерімен қақтығыссыз тиімді қарым- қатынасқа түсе білу іскерліктерін қалыптастыру;
- тиімді қарым- қатынасқа түсуге бөгет болатын кедергілерді анықтап, шеше білу іскерліктерін қалыптастыру;
- дәрігер мен науқас арасындақы қатынас құру үшін пациенттердің психологиялық типтерін анықтай білу іскерліктерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет