Пәннің КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары 2022 – 2023 оқу жылының I-ІІ семестрі Оқытушы



бет3/8
Дата31.03.2023
өлшемі320,5 Kb.
#78044
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ктп Бб3 технол,оқыту

Сабақты қорытындылау, бекіту:
Тақырып бойынша сұрақтар қою. Кері байланыс


Үйге тапсырма: Лекцияны оқу және жазу, қатырма қағазбен жұмыс
Тексерілді: Ш. Б. Аширова.


«Тараз-Ғаcыр» колледжі
Оқу сабағының жоспары


Қағаз шығару туралы мәлімет, қағаз өнеркәсібінің тарихы
(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы Технология оқыту әдістемесі
Педагог: Нұран М.С
2022 жылғы «__» ___________
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ ІІІ , Бб3-20
Сабақтың түрі: теориялық
Жалпы мақсаттар:
Қағаз өндіру
Тарихы
Қағаздың түрлері
Қағаз пішімі
Керекті құрал: Еңбек құралдары
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Алға қойылатын мақсатқа жете алатын білім алушыны тәрбиелеу. Әр оқушы өз білімдерінің деңгейін , мүмкіндігін , іскерлігін, біліп қана қоймай оны дамытады. Құзіретті тұлға қалыптасады.
4. Қажетті ресурстар
Кестелер, суреттер, kahoot, google forms, презентация
5. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, түгелдеу
ә) Сабаққа әзірлігін қадағалау


Үй тапсырмасы: Қағаз шығару туралы мәлімет, қағаз өнеркәсібінің тарихы
Жаңа сабақ. Қағаз (парсыكاغد‎ — «кағоз») — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал болып саналады. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.

Қағаз өндіру
Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады.
Тарихы
Қағаз тұңғыш рет ІІ ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.
Қағаздың түрлері

Қағаздар
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:

  1. Баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Түсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.

  2. Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.

  3. Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.

  4. Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.

  5. Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.

  6. Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.

  7. Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.[1]

  8. Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патронзімпарадиффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.

Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі
Қағаз пішімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет