Модуль /пән атауы Технология оқыту әдістемесі
Педагог: Нұран М.С 2022 жылғы «__» ___________
1.Жалпы мәліметтер Курс, топ ІІІ , Бб3-20 Сабақтың түрі:теориялық Жалпы мақсаттар: Қағаз өндіру
Тарихы
Қағаздың түрлері
Қағаз пішімі
Керекті құрал:Еңбек құралдары
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі Алға қойылатын мақсатқа жете алатын білім алушыны тәрбиелеу. Әр оқушы өз білімдерінің деңгейін , мүмкіндігін , іскерлігін, біліп қана қоймай оны дамытады. Құзіретті тұлға қалыптасады.
4. Қажетті ресурстар Кестелер, суреттер, kahoot, google forms, презентация
5. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу, түгелдеу
ә) Сабаққа әзірлігін қадағалау
Үй тапсырмасы:Қағаз шығару туралы мәлімет, қағаз өнеркәсібінің тарихы
Жаңа сабақ. Бояу — түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу — пигменттелген лакты бояулы материалдардың жаппы атауы.[1] Бұлардан басқа Бояудың құрамында органикалық еріткіштер, толтырғыштар, пластификаторлар, желімдер, тұрақтандырғыштар, т.б. болуы мүмкін. Байланыстырғыш еріткіш ретінде табиғи сұйық майлардан алынатын олифтер, олигомерлер мен полимерлердің органикалық еріткіштердегі ерітінділері (эмальдар), полимерлердің судағы эмульсиялары, органикалық немесе анорганикалық желімдер (силикаттық ерітінділер), т.б. пайдаланылады. Бояу боялатын материалдардың бетіне қонғаннан кейін белгілі бір механикалық қасиеттерге ие болады (беріктік, қаттылық) және пигменттер мен толықтырғыштар боялған бетке байланыстырғыш арқылы бекиді. Пигменттер (мөлшері 0,5 — 2 мкм) боялған бетке өз түсін береді, сонымен бірге коррозиядан қорғайды. Өндірісте Бояулар концентрлі немесе сұйытылған суспензиялар түрінде шығарылады. Бояу құрамына кіретін пигменттерді, толтырғыштарды алдын ала ұнтақтайды және байланыстырғыш еріткіш қосып арнайы аппараттарда одан әрі ұнтақтап, концентрлі суспензиялар дайындайды. Сұйытылған, яғни, қолдануға дайын Бояулар дайындау үшін концентрлі Бояуды олифпен немесе арнайы еріткіштермен сұйылтады. Бояуларды боялатын материалдардың бетіне жұмыр білікпен, бояу жаққышпен, арнайы бүріккішпен қондырады. Кейбір Бояулар престелген (акварель Бояулары) немесе пигмент пен байланыстырғыш заттың ұнтақ қоспасы күйінде шығарылады. Қолдану мақсатына қарай құрылыстық, автомобильдік, полиграфтық және суретшілер қолданатын Бояулар болып бөлінеді. Суретшілер қолданатын Бояудың құрамына ультрамарин тәрізді ағартқыш пигменттер қосылады. Бұдан басқа арнайы Бояудың түрлері бар (мысалы, жарық шығарғыш, жылу сезгіш, улы, т.б.). Бояу, негізінен, темірден, ағаштан, бетоннан, пласмассадан тұратын материалдарды коррозиядан қорғау және сәндік үшін қолданылады. Бояудың көпшілігі адам организміне қауіпті және жанғыш заттар, сондықтан оларды қолданғанда қауіпсіздік техникасын сақтау керек.