Пәннің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата28.09.2022
өлшемі379,41 Kb.
#40680
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Лекция №17 (1) 
Көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктер мен оқушылардың дайындық 
деңгейінің сапасы. 
Әдеби білім шеңберінің жас, психологиялық ерекшелікке сәйкестігі. Оқырмандық 
қабылдау. Дарынды оқушылар , олармен жүргізілетін жұмыстың түрлері. Ережесімен 
таныстыру.Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:мәтінді өз бетімен оқып 
талдау,пайымдап оқу,көркем шығармаларды жатқа оқу,туындыдағы оқиға мен кейіпкерлерге 
өз пікірін білдіру, мәнерлеп оқу,шығарманың тектік, жанрлық сипатын білуі,туындыдағы 
автор позициясын , бейнелеу құралдарын практикалық түрде қолдана білуі,өлеңнің 
құрылымдық элементтерін ажыратуы,мәнерлеп оқудың партитурасын білуі,кейіпкерлерге 
салыстырмалы мінездеме жасауы,әдеби сыниматериалдарға реферат, мақала жаза білу. 
Білім, білік, дағдылар.Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау қабілеттері бойынша 
психологиялық тест, сауалнама алып, талдама жасау.Көкем мәтінмен жұмыс жасаудың 
методикасын ұғындыру , аудиторияда іс тәжірибелік, психологиялық тренингтер жүргізу. 


Пайдаланған әдебиеттер 
1. Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991. 
2. Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992. 
3. Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992. 
4. Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар.А., 1989. 
5. Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 
6. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997. 
7. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. А., Рес.баспа каб.,1997. 
Лекция №18.(2) 
Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқыту 
Көркем шығарманы оқытудың, мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүретіні. 
Талдау түрлерінің жүзеге асуы. Образды талдау, тақырыптық талдау, проблемалық 
талдаудың жүзеге асырылуы. Авторлық позиция мен туындының тақырыбын түсіне білуге 
ұмтылдыру. 
Эпикалық туындыны оқытуда проблемалық оқыту, ізденушілік қызметтің мол 
болуының қарастырылуы. Драмалық шығарма ны оқытуда акт, көрініс, шегініс 
,монолог,диалог, ремарка, драмалық образ,оның көркемдік сипатына зер салу,сахналық 
қойылым, драматург, режиссер,актер, суретші еңбегі,декорация,музыкалық көркемдеу, т.б. 
ұғымдардың қатыстырылуы мен жүзеге асуы.Драмалық шығармалардың мәтінмен 
жүргізілетін жұмыс түрлері,сценарий жазуды үйрету.Прозаны оқытуда әр түрлі талдау 
әдістерін қолдану мүмкіндігі.Т.Ақшолақов «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын 
таныту»кітабы. 
Лирикалық жанрды оқытуда лириканың ақындық тіл, сезім, авторлық пафос, суреткерлік 
қуат ,ой нақтылығын, табиғи бояуды есте ұстау арқылы ,Лирикадағы азаматтық үн,сөз 
астарына үңілу,жеке сөз,сөз тіркесі мен сөйлемдегі көркемдік бояуды,эмоциялық реңкті 
аңғару,мазмұн мен форма бірілігін сақтау заңдылығын , бейнелеу көрнекілігін ескере 
отырып оқитындығы.М.Жүсіп «Көркем сөздің құдіреті»кітабы. 
Семинар (2)да талақыланатын мәселе: 
Поэзияны оқыту ерекшелігі 
Лириканы оқыту ерекшелігі 
Прозаны оқыту
Драманы оқыту 
Пайдаланған әдебиеттер 
1. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А.,Мектеп, 1985. 
2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А.,Мектеп, 1969. 
3. Дайырова Ә. Лириканы оқыту., Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту.А., 
1969. 
4. Мәшһүр Жүсіп К. Көркем сөздің құдіреті. П.,2000. 
5. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.А.,2003. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет