Пәннің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата28.09.2022
өлшемі379,41 Kb.
#40680
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Лекция №12. ( 1) 
Әдістемелік басылымдардың әдебиетті оқыту әдістемесін қалыптастырудағы ролі. 
Әдістемелік тәжірибелердің газет-журнал бетінде жариялануы. «Айқап» журналы (1911-
1915) , «Қазақ»газетіндегі1913-1918 мақалалар туралы:Ағартушылық , демократияшылдық 
бағытты ұстаған «Айқапта» қазақ әдебиетінің жай -күйі сөз болды, Журнал бетінде отызға 
тарта өлең жинақтарына сын сын, пікірлер берілді.М.Сералиннің Ахметтің «Маса»жинағы 
туралы туралы пікірі: «Бұл кітаптың шығарушысы жүйрік жігіт екендігі көрініп тұр. Әсіресе 
«Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған терген»нағыз сап дүрлер.жалғыз-ақ 
біздің айтатынымыз- жазу емлесін біразырақ түзеп жазу керек еді.» (1913 
ж.№1).М.Сералинің мақаласында «Тіл, әдебиет-бір ұлттың жаны мен рухы...әдебиеті 
болмаған ұлт тілі шықпаған бала сияқты...Өз ана тілінің , әдебиетінің бағасын біліп, дәмін 
сезген ұлт балалары өз тілін, ата-анасын артық құрмет етер. » «Айқап»1915 
ж.115бет.С.Торайғыров «Айқапта қызмет жасап, «Өлең һәм айтушылар»мақаласында 
әдебиет пен көркемөнердің ел өміріндегі маңызына тоқталады. «Көңілді түзейтін машина- 
өлең жыр.Әнсіз өмір- бұлдыр өмір.»деп, бір халықтың әні жоғалса, өзі де жоғалады деген 
пікір айтады.Жазушының «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан»мақаласында тіл 
тазалығы көтерген. «Қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де 
жоқ.Неге десең, тілдері бытбырық, қалғанының ағыны теріс,рухын тексерсек, баяғы «қатын 
ойбай».Мен тілімізге шала тілдердің шатасуынан , тілдің ағыны теріске бейімделіп, өріс 
алып бара жатқанынан қорқамын .Нағыз өлең қайнаған қанның , қиналған жанның , 
толғатқан көңілдің , толғанған жүректің сығындысы». 1913ж.№№ 19,22, 23, 24. 
«Қазақ»газетінде Ә.Бөкейхановтың «Роман бәйгесі»1915ж. № 120 мақаласы жарияланды. 
«Қазақ «газетінде «Роман не нәрсе»(авторы Арысұлы, М.Дулатовтың «Бақытсыз 
Жамалы»талданады.) мақаласы шықты.1914ж.№48.Газетте жарияланған «Қазақ әдебиеті 
жайынан»мақала пікірлер тоғысын туғызады.1915ж.№112,114.Ахметтің газетте «Қазақтың 
бас ақыны»1913ж.№43мақаласы жарияланды.М.Дулаттың «Абай»мақаласының шығуы.1914 
ж.№67.Дулатовтың Шоқан туралы мақаласында : «Мен әуелі қазағымды жақсы 
көремін.Онан кейін Сібірді,онан кейін Россияны, онан кейін бүкіл адамзатты жақсы 
көремін.Орыс қазақты сабап жатса, мен қазаққа болысамын.Егер орысты француз сабап 
жатса,менің жүрегім орыс жағында»деуші еді деген Потаниннің пікірінің берілуі. 
«Қазақ»1914ж.№76.Дулатовтың сөзі «Тарихын жоғалтқан жұрт жоғалған жұрт»,1915ж.№ 
155. «Абай»журналының шығуы.Аймауытов сөзі:..Қазақтың тұрмысын , өмірін, мінезін 
айқын суреттеп, келешегін көрсеткен де Абай еді». «Абайдан соңғы ақындар»мақаласында 
тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, сезімге әсер беретін суретті өлеңдер иесі Мағжан, 
Міржақып, Сұлтанмахмұт және сырты төгілген,сұлу, тілі кестелі, оқуға жеңіл 
Ахмет,Сәбит,Шәкәрім, Б.Өтетілеуов шығармашылығына талдау жасалады».Соңына 
«Екеу»деп қол қойылған.Екеу Әуезов пен Аймауытов болуы мүмкін. «Еңбекші 
қазақта»Ахметтің «Қазақ қаламгерлері жайынан»мақаласында сол кезеңнің мәселесін сынап 
жазды.1922ж.8. 6. Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы» «ЛЖ»1925ж. №5 мақаласында 


Мағжан поэзиясының сыр-сипатын жарқыратып көрсетті.Аймауытов 1.4.;17.14.1925ж. «Ақ 
жолда» «Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау»сыни мақалаларын жариялады. 
«Қазақстан мектебі» (Жаңа мектеп-1925) «Семипалатинский листокта»Ә.Бөкейхановтың 
Абай туралы мақаласы шықты.Ана тіліндегі бағдарлама, хрестоматия, оұулықтардың 
шығуына А.Байтұрсынұлы, С.Сейфоллаұлы, Б.Сүлейұлы, Т.Шонанұлы басшылық жасады, 
С.Сәдуақасұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин,Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, Ә.Бөкейханов пән 
оқытушыларының ақылшысы болды. Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен, Телжан қазақ тілінде 
шыққан оқулықтар туралы мақалаларының зор пайдасы туралы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
(1958,1991)журналының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін сенімді серік болып 
келе жатқаны туралы. 
Алғашқы әдіскерлер- Ш.Кәрібаевтің, Ә. Үсеновтің,Ә. Мәмбетовалардың мақалаларының 
басылымдарда жариялануы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет