БӨЖ тапсырмалары және оларды тапсыру мерзімі мен тиісті балл
Модуль
Тапсырма
Тапсыру мерзімі
Жалпы балл
Тапсырма түрі
АБ1
Сабақта белсенділік таныту (лекция)
16.03.2023
25
Жеке
1.«Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы».
2.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік-саяси рәміздері». Осы тақырыптардың бірінде (өз таңдауыңыз бойынша) эссе жазу.
23.02.2023
15
Жеке
1.«Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі». 2. Мәдениет кеңістігіндегі техника әлемі: техника мәдени ортаны жасақтау құралы, техника мәдениет құралы, мәдениеттің белгілік жүйесі. Осы тақырыптардың бірінде (өз таңдауыңыз бойынша) сараптамалық таблица құру.
02.03.2023
15
Жеке
1.«Мәдениет интеграциясы мен локализациясы» .
2.«Материалдық және рухани мәдениет». Осы тақырыптардың бірінде (өз таңдауыңыз бойынша) презентация дайындау.
09.03.2023
15
Топтық
Тест
16.03.2023
30
Жеке
Барлығы (АБ1)
100
АБ2
Сабақта белсенділік таныту (лекция)
20.04.2023
25
Жеке
1.«Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері» тақырыбында эссе жазу.
30.03.2023
15
Жеке
1«Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері».
2.Ұлттық музей-қорық жобалары: Ботай, Сарайшык, Бозок. Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлігінің географиялық құраушысы. Осы тақырыптардың бірінде (өз таңдауыңыз бойынша) реферат қорғау.
06.04.2023
15
Жеке
1. «Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары».
2. «Қазақ халқының мифтері мен аңыздары». Осы тақырыптардың бірінде (өз таңдауыңыз бойынша) презентация дайындау.
13.04.2023
15
Топтық
Тест
20.04.2023
30
Жеке
Барлығы (АБ2)
100
АБ3
Сабақта белсенділік таныту (лекция)
25.05.2023
25
Жеке
1.«ХХ ғ. қазақ мәдениетінің дамуындағы зиялы қауымның шығармашылық үлесі». 2.«Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы». Осы тақырыптардың бірінде (өз таңдауыңыз бойынша) эссе жазу.
04.05.2023
15
Жеке
Нақты мысалдар негізінде мәдениет рәміздерінің әр түрлі түрлерін қарастырып (мифтік рәміздер, діни рәміздер, өнердегі рәміздер, саясаттағы рәміздер) тақырыбына сараптамалық кесте құру.
11.05.2023
15
Жеке
«ХХ-ХХІ ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың
Қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері» тақырыбында презентация дайындау.
18.05.2023
15
Топтық
Тест
25.05.2023
30
Жеке
Барлығы (АБ 3)
100
Емтихан (Қорытынды бақылау)
Кесте бойынша
100
Жеке
5. Білім алушының білімін бағалау саясаты БӨЖ тапсырмалары және оларды орындауға қойылатын талаптар мен бағалау критерилері “Универ” жүйесіне енгізілген.
Білім алушыларды аралық аттестаттау лекция тақырыптарының, лабораториялық жұмыстардың және үй жұмыстарының барлық сұрақтарын қамтиды. Бақылау сұрақтары “Универ” жүйесіне енгізіліп ұсынылады.
Ағымдық бақылауларды қорытындылау апталары: 5-ші, 10-шы және 15-ші апталар
Қорытынды емтихан: емтихан сессиясы кезеңінде
Білімді бағалау үлесі: Ағымдық бақылау (АБ) – 60 %, Қорытынды емтихан(Е) – 40%
Аралық аттестаттаудың қорытындысы төменде көрсетілген формуламен есептелінеді:
Ағымдық баға1 (АБ1)≤100; Ағымдық баға2 (АБ2) )≤100; Ағымдық баға3 ( АБ3 )≤100
Емтихан ( Е) )≤100
Қорытынды бағалау(ҚБ) = 0,2*(АБ1+ АБ2+АБ3)+0,4*Е
Ескерту:Сессияға оқу ақысын толық төлеген, сабаққа 70% -дан жоғары қатысқан, ағымдық және межелік бақылаулардан өту балын (өту балы 0,2*(АБ1+АБ2+АБ3)≥30 балл) жинаған академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттер жіберіледі.
Назар аударыңыздар: Қорытынды бақылаудың оң бағасын емтихан сессиясының осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
"FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда оқу пәнінің бағдарламасын қайталап өтпей-ақ университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласы және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда тапсырмаларды оқытушы белгілеген қосымша уақытта қайта орындау.
БӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес уақытылы орындау қажет, кешіктірілген жағдайда тапсырмаға белгіленген максимальды балл оқытушы белгілеген мөлшер бойынша төмендетіледі.
Барлық тапсырма түрлерін орындау және тапсыру барысында, сонымен бірге ағымдық бақылау мен емтихан тапсырған кезде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қажет.
Егерде студент академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзған жағдайда оқудан шығару мәселесі қаралады.
Университет ішінде, сабақ кезінде, студенттер мен оқытушылар ара қатынасында этикалық кодекс ережелерін сақтау.