ШОҚан уәлиханов және түркі әлемі



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі169,34 Kb.
#8128

УДК 82.0 

 

Қ.С. Мәмбетов



1

, Ж. Танауова

2

, М.Қ. Мәмбетова



Қ.А.Ясауи ат. Халықаралық Қазақ-Түрік университеті  

Түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.,  

Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері 

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. 

Түркістан, Алматы, Қазақстан 

e-mail: 

turkologi@mail.ru

mmanshuk@mail.ru



 

 

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ 

 

Мақалада  терең  энциклопедиялық  білімі  бар,  өз  заманындағы  ғылымда  бірқатар 



мәселелерді жаңаша көтере білген ірі ғалым Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы түркі 

әлемімен  байланыста  қарастырылған.  Түркі  әлеміндегі  көп  қырлы  ғалымдардың  бірі  – 

Шоқан  Уәлиханов.  Ол  түркі  халықтарының  мол  әдеби  мұраларын  өзінің  қысқа  өмірінде 

жинақтап  зерттеген  ғұлама  ғалым.  Шоқан  Уәлиханов  Орта  Азия  мен  Қазақстан 

халықтарының тарихына, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер, 

сондай-ақ  едәуір  көлемде  қоғамдық-саяси  тақырыптарға  арналған  мақалалар  жазып 

қалдырды.  Шоқан  Уәлихановтың  сан  қырлы  ғылыми  еңбектері,  ұлы  туындылары 

тәуелсіздігіне  қол  жеткізген  түркі  халықтарының  болашақта  қарқынды  дамып, 

экономикасы  мен  мәдениетінің  өркендеуіне  мол  үлесін  қосатыны  сөзсіз.  Олай  болса 

мақала  авторлары  ғалымның  шығармашылығын  түркітану  мұралары  арқылы 

қарастырады.  

Кілт сөздер: Шоқан Уәлиханов, түркі әлемі, түркітану, әдеби мұра, этнография. 

 

Түркі  әлеміндегі  көп  қырлы  ғалымдардың  бірі  –  Шоқан  Уәлиханов.  Ол  түркі 



халықтарының  мол  әдеби  мұраларын  өзінің  қысқа  өмірінде  жинақтап  зерттеген  ғұлама 

ғалым.  Шоқан  Уәлиханов  Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  тарихына, 

географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер, сондай-ақ едәуір көлемде 

қоғамдық-саяси  тақырыптарға  арналған  мақалалар  жазып  қалдырды.  Шоқан 

Уәлихановтың  сан  қырлы  ғылыми  еңбектері,  ұлы  туындылары  тәуелсіздігіне  қол 

жеткізген  түркі  халықтарының  болашақта  қарқынды  дамып,  экономикасы  мен 

мәдениетінің өркендеуіне мол үлесін қосатыны сөзсіз. 

Шоқан  Уәлиханов  терең  энциклопедиялық  білімі  бар,  өз  заманындағы  ғылымда 

бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген ірі ғалым. 

Шоқан  Уәлихановтың  шығармаларынан  нақты  қорытынды  және  өзі  жүргізген 

зерттеулерді  де,  ертеде  өткен  халық  зердесінде  сақталған  мәліметтерді  таба  аламыз. 

Халықтық  дәстүрлер  мен  аңыз-әңгімелерді,  көптеген  деректі  материалдарды  білу  оған 

Қазақстан  тарихының  ең  қасіретті  кезеңде  кең  көлемде  және  терең  зерттеуге  мүмкіндік 

берді [1]. 

Шоқан  Уәлиханов  өзінің  ғылыми  қызметін  Омбы  кадет  корпусында  оқып  жүрген 

кезден  бастаған  болатын.  Шоқан  Уәлиханов  шығыстанушы  ғалым  И.Н.Березиннің 

еңбектеріне  қызығушылық  танытып,  онымен  хат  жазысып,  И.Н.Березиннің  тапсырмасы 

бойынша қазақ тілі саласы бойынша ізденістер жасаған. 

Березин Иван Николаевич (1818-1896) орыс шығыстанушысы, 1846 жылдан бастап 

Қазан  университетінің  профессоры,  ал  1858  жылдан  Санкт-Петербор  университетінің 

профессоры,  Шығыс  халықтарының,  көбінесе  түркі-моңғол  халықтарының  тарихы  мен 

филологиясы  туралы  көптеген  еңбектердің  авторы,  1848–1853  жылдары  ол  «Библиотека 

восточных историков» деген жалпы атпен жинақ шығарды. Ол жинаққа «Шайбани наме», 

Жалайырдың  «Жамиғат  таварих»  (Жылнамалар  жинағы)  және  Әбілғазының  «Шежіре-и-

түрк» еңбектері енді. Березиннің ең маңызды шығармасы «Турецкая хрестоматия» (1857–


1876 жж.) еңбегі. Оған қазақтардың, өзбектердің, түркімендердің және Орта Азияның өзге 

де  халықтарының  төл  туындылары  енді.  Березин  тілшілер,  ғалымдармен  байланыста 

болып, түркі тілдес халықтардың әдеби мұра, естеліктерін жинады. 

Костылецкий Березинге Ш.Ш.Уәлихановпен іскерлік байланыс жасауға көмектесті. 

Шоқан Уәлиханов И.Н.Березиннің «Хан жарлықтары» еңбегіне сын пікір жазды, бұл жас 

ғалымның алғашқы ғылыми еңбегі болатын. 

 И.Н.Березиннің    туындылары  негізінде  «Қырғыздардың  шежіресі»  атты  еңбегін 

жазды [2]. 

Шоқан  Уәлихановтың  1856-1857  жж.  Жазылған  еңбектеріне:  «Қырғыздар  туралы 

жазбалар»,  «Көкетай  ханның  өлімі  және  оның  асы»,  «Қазақ  шежіресі»  атты  мақалалары 

жатады.  Шоқан  Уәлиханов    «Қырғыздар  туралы  жазбаларын»  1856  жылдың  мамыр-

маусым  айларында  бастаған.  Бұл  еңбек  толық  аяқталмаған,  автор  өз  қолымен  жазған, 

кейбір беттері Г.Н.Потаниннің қолымен көшірілген (КСРО ҒА архивында (23 қ., № 6, 1-73 

пп.)  нұсқалары  сақталған.  «Қырғыздар  туралы  жазбаларда»  қырғыз  халқының  тарихы, 

тарихи  аңыз-әңгімелер,  қоныстану  экономикасы,  әлеуметтік  тұрмысы,  салт-дәстүрі,  тілі 

мен әдебиеті туралы мағлұматтар қамтылып, соңында қырғыздардың шежіресімен кестесі 

берілген. 

 Еңбекте  көтерілген  мәселелердің  және  ғылыми  ізденістердің  ғана  емес, 

Уәлихановтың  өзінің  зерттеулері  нәтижесінде  жиналған  материалдардың  танымдық 

маңыздылығы түркітану ғылымына қосқан зор еңбегі деп есептейміз. 

Шоқан  өзінің  зеректігі  мен  дарынды  талантының  арқасында  шығыстың  бірнеше 

тілін  жетік  білді.  Соның  арқасында  Шоқан  көне  дереккөздерімен  де  қиналмай  таныса 

алды. 

Шоқан  Уәлиханов    көп  тілді  білуінің  нәтижесінде  Орта  Азия  мен  Қазақстан 



халықтарының  географиясына,  тарихына  қатысты  материалдардың  орыс  тіліндегісінен 

басқа барлық  еуропалық  және шығыстық  дереккөздерімен де қиналмай таныса алды. Ол 

ұзақ та мұқият қарастырған парсы, араб, түркі тілдеріндегі дереккөздер оған жақсы таныс 

болды. 


Шоқан  Уәлихановтың  1856  жылы  Ыстықкөл  қырғыздарына  барған  сапарында 

«Көкетай  ханның  өлімі  және  оның  асы»  атты  қолжазбасын  жазып  алған  болатын 

(«Записки  Восточного  отделения  Русского  Археологического  общества.  Т.  ХҮ,  вып.  1, 

С.ІХ–ХҮ»). Еңбек толықтай 1904 жылы жарияланған (ЗРГО ОЭ, Т.ХХІХ, С. 208-222). 

«Көкетайдың  ертегісі»  қырғыз  халқының  «Манас»  көлемі  үлкен  батырлық 

дастандарының құрамына енген аңыздар циклынан үзінді болып табылады.  

Шоқан  Уәлихановтың  «Қазақ  шежіресі»  атты  ғылыми  туындысы  арқылы  Орта 

Азия мен Қазақстан халықтарының тарихына, әсіресе 1856–1857 жылдары зор ықыласпен 

жазып  шыққаны  аңғарылады.  П.П.Тянь-Шаньский  География  қоғамының  отырысында 

(1857 ж.) Ш.Уәлихановты осы қоғамға мүшелікке ұсына отырып, оның еңбектерінің бірі – 

«Қазақ шежіресі» туралы хабарлаған. 

Еңбек  алғаш  рет  Ш.Уәлихановтың  шығармаларында  жарық  көрді  (ЗРГО  ОЭ, 

Т.ХХІХ, СПб., 1904). Қолтаңбасы ЦГАЛИ (159 қор., 1-тіз., № 179, 220-228 пп., 227-228 пп. 

Сақтаған М.И.Веселовский қайта көшіріп жазған). 

Шоқанның  «Қазақ  шежіресі»  еңбегінде  Қазақ  халқының  тарихы,  мәдениеті, 

экономикасы,  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы,  сондай  хандық  дәуірдегі  тарихы  мен  Ұлы  жүз, 

Орта  жүз  және  Кіші  жүз  руларының  шығу  тарихына  ғылыми  тұрғыдан  сараптамалар 

жасап, түсініктер берілген. 

Сондай-ақ,  біз  атап  өткен  еңбектерде  Батыс  Сібір,  Орта  Азия  мен  Қазақстан 

халқының тарихы жайлы мәліметтер, қазақ халқының тарихи аңыз-әңгімелері, этникалық 

(рулық)  тұрғысынан  қоныстануы,  экономикасы,  географиясы,  мәдениеті  мен  тұрмысы, 

салт-дәстүрі, фольклор туралы қызықты мағлұматтар қамтылған. 



Шоқан  Уәлихановтың  ғылыми  мақалалары  «Қытай  империясының  батыс  өлкесі 

және  Құлжа  қаласы»  (1856),  «Құлжа  мен  Шәуешектегі  сауда  туралы»,  «Қытай 

империясының батыс өлкесі туралы» еңбектерінің үшеуі де 1856 ж. жазылған. 

Шоқан  Уәлихановтың    «Қытай  империясының  Батыс  өлкесі  және  Құлжа  қаласы» 

мақаласы  Құлжа  қаласына  сапары  негізінде  жазылған  (Қолтаңбасы  Ғылым  академиясы 

архивында  (ҒАА)  23  қор,  1  тізім,  4  іс,  1-26,  68-73  пп.)  сақтаулы.  Ол  1856  жылдың  1 

тамыздан 15 қазан аралығындағы сапар кезінде жазылған жазбалар болып табылады. 

Шоқан  Уәлихановтың  Құлжаға  сапары  күнделігінде  жол  бойы  алған  әсері 

баяндалған,  өлкенің  әкімшілік  басқарылуына  сипаттама  беріліп,  Шығыс  Түркістан 

қалаларының  өзін-өзі  басқаруына  көп  көңіл  бөлінген.  Мақалада  Батыс  Қытайдағы  түрлі 

халықтардың  мәдениеті  мен  тұрмысы  тарихының  негізгі  кезеңдері  суреттелген,  олардың 

ерте  заманнан  ХІХ  ғасырға  дейінгі  өзара  мәдени  байланыстары  көрсетіліп,  Батыс 

Қытайдың  шекаралық  аудандарында  тұратын  ұйғыр,  сибо,  солон,  қалмақ  және  басқа 

тайпалардың шаруашылығы мен тұрмыс-салты сипатталған [3]. 

Шоқан Уәлихановтың «Құлжа мен Шәуешектегі сауда туралы», мақаласында Ресей 

мен Қытай сауда қатынастарына қатысты мәселелер маңызды орын алған. ХІХ ғасырдың 

бірінші жартысындағы Ресей мен қытайдың сауда тарихына қысқаша шолу жасалған және 

даладағы  сауда  мен қазақтардың жүк тасу кәсібі туралы мәліметтер беретін  «Құлжа мен 

Шәуешектегі сауда туралы» ғылыми зерттеуінің бүгінгі тәуелсіздігіне қол жеткізген түркі 

халықтары  және  Қазақстан  үшін  Қытай  елімен  экономикалық,  сауда-саттық  қарым-

қатынас жасауда алатын орны орасан зор деп есептейміз. 

Шоқан  Уәлиханов  өз  еңбектерінде  пайдаланған  белгілі  «Бабырнама»,  «Тарихи 

Рашиди», «Тазкира и Ходжаган» (Қожалар тарихы) деректерін зерттеді [3, 61]. 

Шоқан  Уәлиханов  1854  жылы  К.К.Гутковскийдің  экспедициясымен  Қапал 

бекінісіне  келіп,  осы  арада  Ұлы  жүз  қазақтарының  аңыз-әңгімелерін  жазып  алды.  «Ұлы 

жүз  аңыз-әңгімелері»  аяқталмаған.  Қазақ  тарихи  жырларын  жинақтауда  Г.Н.Потаниннің 

айтуынша,  Шоқан  Уәлихановтың  қызығушылығы  Кадет  корпусында-ақ  пайда  болған. 

Жазба  Уәлихановтың  ғылыми  жұмысының  алғашқы  жылдарындағы  творчестволық 

процесін  көрсетеді  және  ол  1855  жыл,  яғни  оның  Қазақстан  бойынша  алғашқы 

сапарларының кезеңі (ЦГАЛИ, Ф. 188, Оп. 1, № 49, лл. 48-49; Ф. 159, Оп. 1, № 179, лл. 1-

2). 

Одан  бұрын  Шоқан  Орталық  Қазақстандағы  Ботағай  (Нұра  өзенінде),  Жұбан  ана, 



Айтболат (Сарысу өзенінде) сәулет ескерткіштерін зерттеген болатын. 

Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, 

Шығыс  Түркістанға  арналған  тарихи-географиялық  шолу  түріндегі  «Жоңғар  очерктері», 

«Қырғыздар  туралы  жазбалар»,  «Алтышар  немесе  Қытайдың  Кан-лу  провинциясының 

хал-жайы туралы» (Кіші Бұхара) еңбектерінің құндылығы ерекше. 

Шоқан  Уәлихановтың  қазақ  халқының  тарихы  мен  этнографиясы  туралы 

зерттеулері,  сондай-ақ  қазақ  даласындағы  әлеуметтік-саяси  қарым-қатынастарға 

байланысты  мақалаларының  ғылыми  маңызы    зор.  Шоқанның  «Абылай»  (1855), 

«Қырғыздардағы  шамандықтың  қалдығы»  (1862-1863)  (Шамандық  –  түрлі  халықтардың 

қауымдық  құрылысқа  тән  анимистикалық  наным-сенімі  және  дінге  де  байланысты  кең 

ауқымды  жүйе),  «Көне  дәуірдегі  қазақтардың  қару-жарағы  мен  әскери  жабдықтары», 

«Шона  батыр»,  «Сот  реформасы  туралы  жазба»,  «Қырдағы  мұсылмандық  туралы», 

«Қырғыздардың  көші-қоны  туралы».  Бұл  еңбектерді  Шоқан  Уәлиханов    1860-1864 

жылдар аралығында жазған. 

Шоқан Уәлиханов тарихшы, этнограф ғана емес, әдебиетші, публицист, тамаша сөз 

зергері  екенін  де  танытады.  Шоқанның  қазақ  халық  поэзиясының  теориясы  мен  қырғыз 

эпосы «Манас» туралы аяқталмаған зерттеулері де ерекше назар аудартады. 

Шоқан  Уәлихановтың  ерекше  қасиеттерінің  бірі  эпистолярлық  мұрасы.  Оның 

орыстың  көрнекті  жазушыларымен,  ғалымдарымен  хат  алмасуы  ерекше  маңызды.  Бұл 

хаттарда  күнделіктеріндегідей  Уәлихановтың  публицистикалық  дарыны  айқын 



аңғарылады. Шоқанның досы Г.Н.Потанин: «Егер Шоқанның еңбектерін қазақ халқының 

арасында  оқи  алатын  ортасы  болғанда,  ол  өз  халқының  кемеңгері  болып,  өзімен 

пікірлестердің  әдебиет  жағынан  жандануларына  негіз  салған  болар  еді»  [3,  62],  –  деп 

ағынан жарыла жазды. 

Ғалым Г.Н.Потанин айтқандай, Шоқан Уәлиханов түркі халықтарының кемеңгері, 

данышпан ғалымы болып мәңгі қалады. 

Шоқанның  күнделіктері  көркемочерк  мәнерінде  жазылған,  кейде  лирикалық 

шегіністер  жасап  отырады.  «Ыстықкөл  сапарының  күнделігі»,  «Құлжа  сапарының 

күнделігі»,  «Қашғар  сапарының  күнделігі».  Бұл  күнделіктерде  Шоқан  жергілікті 

халықтың  өмірін  терең  білу  арқылы  жанды,  тартымды  етіп  бейнелеу  бар.  Құлжа 

күнделігінде  Шыңжан  халықтарының  елеулі  тарихи  кезеңдері,  тұрмысы  мен  мәдениеті, 

олардың көне дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі мәдени байланыстары айтылған. Онда Тянь-

Шань  мен  шекаралық  Жоңғария  халықтарының  тұрмысын  жанды  қабылдау  мен  қызыға 

бағалау бар [3, 62]. 

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген халықтардың әдебиетін, 

сирек қолжазбалары мен нумизматикалық ескерткіштерін, сфрагистика, қолөнер үлгілерін 

қажымай, талмай жинаушы ретінде танымал. 

П.П.Семенов  Тянь-Шаньский  мен  Ф.Р.  Остен-Сакен  былай  деп  жазды:  «Бұл 

материалдарды  жинау  үшін  Уәлиханов  аянбай  еңбектеніп,  қаржысын  да  жұмсап,  өз 

халқының  аңыз,  жыр-дастандарын  мұқият  жазып  алып  жүрді.  Орта  Азия  халықтарының 

диалектілерін зерттей жүріп, көне мұраларды қымбатқа сатып алды, өлімге бас тігіп будда 

монастырларынан сирек кездесетін қолжазбаларды алды» [4]. Бұл, әрине, жас Шоқанның 

ғылымға деген сүйіспеншілігінен туған дүниелер. 

Жас  ғалым  Шоқан  Уәлихановтың  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістанды  зерттеуші 

ретінде ғылымға сіңірген еңбегін дүниежүзі ғалымдары тегіс мойындады. Оның еңбектері 

орыс,  ағылшын,  неміс  және  француз  тілдеріне  аударылып,  жарияланды.  Ғалымдар 

П.П.Семенов Тянь-Шаньский, И.В.Мушкетов, М.И.Венюков, Н.А.Аристов Шоқанның бұл 

еңбектеріне  жоғары  баға  берді.  «Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  шығыстану  ғылымында 

аққан  жұлдыздай  жарқ  етті  де  жоқ  болды,  деп  жазды  белгілі  ғалым  В.И.Веселовский,  – 

орыс шығыстанушылары оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және 

одан  түркі  халықтарының  тағдыры  жөнінде  аса  маңызды  жаңалықтар  ашады  деп  күткен 

еді» [5], – деп жазды. Шоқан Уәлиханов аз ғұмырында түркі әлемін дүниежүзіне танытқан 

ұлы ғалым. 

Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында «аққан жұлдыздай жарқ етті», ол үлкен 

жүректі дарын иесі түркі халықтарының мәдени тарихы туралы артында өшпес мол мұра 

қалдырды.  Шоқан  Уәлиханов  Түркі  халықтарының  тағдырын  тереңнен  ойлап,  кейінгі 

ұрпақтарына бағыт-бағдар көрсетіп, тарихи мол мұралар қалдырған  көп қырлы ұлы тұлға. 

ХІХ ғасырда түркі әлеміне белгілі ғалым, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы 

Уәлиханов  дарынды  ғылыми  ізденістері  мен  шығармашылық  толғаныстарға  толы  қысқа 

ғұмыры  ішінде  тарих,  әдебиет,  география,  этнография,  лингвистика,  археология, 

құқықтану  ғылымдары  саласында  жемісті  еңбек  етіп,  түркі  халықтарына  аса  бай  бағалы 

мұра қалдырды. Шоқан Уәлихановтың ғылымның әр саласында жазылған жеке еңбектері, 

мақалалары, алғашқы жазбалары, материалдары мен хаттары түркі халықтарының бағалы 

мәдени мұралары болып саналады. 

Шоқанның «Абылай», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Едіге», «Жоңғария очерктері», 

«Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы»  «Қазақтың халық поэзиясының формалары», 

«Қашғар  күнделіктері»,  «Қырғыз  даласы  және  қырғыздар  туралы»,  «Қоқан  хандығы 

туралы  жазбалар»,  «Сот  реформасы  туралы  жазбалар»,  «Түркмендер  туралы»,  «Шона 

батыр»,  «Ыстықкөл  сапарының  күнделіктері»,  т.б.  зерттеулер  түркология  ғылымына 

қосылған  сүбелі  үлес  болып  саналады.  Шоқан  Уәлихановтың  «Алты  шаһардың  немесе 

Шығыс  Түркістанның  алты  қаласының  1858–1859  жылдардағы  жағдайы  туралы  есебі» 

түркітану ғылымында  құны жетпес мұра болып табылады. Сондай-ақ, Шығыс Түркістан 



халықтарының  тарихына,  географиясына,  әлеуметтік  құрылысына  арналып,  заман 

талабының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы.  

Шоқан  Уәлихановтың  «Абылай»  (1855  ж.  жазылған)  еңбегі,  биыл  Қазақстанда 

Абылайханның  300  жылдық  тойының  өтілуіне  орай  құнды  дүниелердің  бірі  болатыны 

ақиқат. Бүгінгі ұрпаққа құнды мәдени мұра болып табылады. 

Шоқан Уәлиханов публицист, әдебиетші, жазушы ретінде танылды. Ол Орта Азия 

халықтары  мен  Қазақстанның  аса  бай  ауыз  әдебиетін  атап  айтқанда,  «Джами-ат 

таварихтан  үзінді»,  «Көкетай  ханның  өлімі  және  оның  асы»,  «Қазақ  шежіресі»,  «ХҮІІІ 

ғасырдағы  батырлар  туралы  тарихи  оқиғалар»  т.б.  сирек  қолжазбаларын,  нумизматика, 

сфрагистика  ескерткіштерін,  халық  қолөнерінің  үлгілерін  мұқият  жинап,  зерттеді. 

Қазақтың халық поэзиясының теориясы туралы және қырғыздың эпостық жыры «Манас» 

туралы  Шоқан  Уәлихановтың  аяқталмаған  зерттеу  еңбектері  ерекше  назар  аудартатын 

құнды мәдени жәдігерлер. 

Шоқан  Уәлихановтың  бейнелеу  өнері  саласындағы  еңбектері  түркі  халықтарынан 

шыққан кәсіби суретшілердің бірі екендігін аңғартады. Ол негізінен портрет, пейзаж және 

халықтың тұрмыс-салтын бейнелей жанрымен айналысқан, одан 150 сурет қалған. 

Шоқан  Уәлихановтың  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістан  тарихын  зерттеу  ісіне 

сіңірген еңбегін бүкіл дүниежүзілік ғылым мойындаған. Шоқан Уәлиханов Түркі әлемінің 

тарихи,  мәдени  мұраларын  әлемге  танытқан  тұңғыш  ғалым.  Жас  ғалымның  еңбектері 

орыс,  ағылшын,  неміс,  француз  тілдерінде  жарияланды.  Шоқан  Уәлихановтың  ғылыми-

теориялық  мұраларын,  дүниетанымы  мен  демократиялық-ағартушылық  көзқарасын 

зерттеуде 

Ә.Марғұлан, 

М.О.Әуезов, 

С.Мұқанов, 

С.З.Зиманов, 

М.Ғ.Елеусізов, 

Е.Б.Бекмаханов,  Х.Айдарова,  Д.Дулатова,  Ә.С.Бейсенова,  Б.Е.Көмеков  т.б.  көптеген 

ғалымдар елеулі үлес қосты.  

ХХ  ғасыр  басындағы  қазақтың  көрнекті  ақыны,  жазушысы,  қоғам  қайраткері 

Міржақып  Дулатовтың  «Шоқан  Шыңғысұғлы  Уәлихан»  туралы  жазған  еңбегінде 

Шоқанның  ата-тегі,  шеше  тегі,  Шоқанның  оқуы,  орыс  достары,  Қашғарияға  сапары 

туралы құнды ғылыми деректер келтірген.  

Шоқан  Уәлихановтың  эпистолиярлық  (хат  алысулар)  туындыларының  да  өзіндік 

ерекшеліктері  мол  дүниелер.  Жас  Шоқанның  ата-анасына,  Ф.М.Достоевскийге, 

К.К.Гутковскийге.  А.Н.Бекетовке,  А.Н.Майковқа,  Г.А.Колпаковскийге  т.б.  жазған  хат 

алмасуларының  құндылығы  орасан  зор.  «Хат  –  бұл  жартылай  кездесу»  деп  бекер 

айтылмаған. Сондықтан хат алмасудың да өзіндік ерекшелігі мол дүние. 

Шоқан  Уәлихановтың ғылыми  көкжиегінің  кеңдігі,  сан  салалы  білімі,  жемісті  ой-

тұжырымдарға жетелеп, түркі халықтарының ортақ шығу тегі, тіл туыстығы, тарихының 

бірлігі сынды бүгінгі күні де көкейкесті болып тұрған  Орталық Азиядағы Түркі әлемінің 

бірлігі идеясының дамуына зор мүмкіндік туғызады. 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

бастамасымен  Түркі  әлемінің  мәдени  байланысы  мен  бірлігі  идеясының,  қазіргі 

жаһандану  дәуіріндегі  құндылығы  орасан  зор.  Ғұлама  ғалым,  ағартушы  Шоқан 

Уәлихановтың  туындылары  тәуелсіздігіне  қол  жеткізген  түркі  халықтарының  мәдени 

өркениетінің дамуына, ел бірлігінің нығаюына орасан зор ықпал ететін құнды дүниелер. 

Шоқан  Уәлихановтың  тарихи  мол  мұралары  –  бүгінгі  буынның  назарында  болса, 

болашақ негізі берік қаланары хақ.  

Жалпы  алғанда  көрнекті  ғалым,  ағартушы-демократ  Шоқан  Шыңғысұлы 

Уәлихановтың  шығармашылық  мұрасы  –  егеменді  еліміздің  өсер  ұрпағына  үлгі-өнеге, 

мәдени-рухани салада қымбат қазына болып қала бермек. Біздіңше, бұл қатардағы күрделі 

тағдыр, өнегелі өмірімен де, мол шығармашылық мұра, мирастарымен де «халқын сүйген» 

Шоқан Шыңғысұлының әлемін толтырып та, биіктетіп те тұр. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 


1  Басин  В.Я.  Россия  в  казахские  ханства  в  ХҮІ–ХҮІІІ  вв.:  Казахстан  в  системе  внешной 

политики Российской империи. – Алматы, 1971. – С.30. 

2 УШЖ, т. 1, 121–130 бб.; ЦГАЛИ (Ф. 118, Оп. 1, № 469, СС. 10-14). 

3  Ш.Ш.Уәлиханов.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы  1  том,  2  басылым.  –  Алматы, 

«Толағай групп», 2010. – 376 б. 

4 Отчет РГО за 1865. – СПб., 1866. – С. 10. 

5 Веселовский В.И. Предисловие (к сочинениям Ч.Ч.Валиханова) ЗРГО ОЭ, Т. 29. –С.1.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет