Пәннің мақсаты Студенттерді мәдениет феноменінің мәні, құрылымы, типологиясы мен әлемдік, отандық мәдениеттің негізгі даму үрдісі туралы жүйелі мәліметтермен және рухани білім негіздерімен қаруландыру, олардың мәдениетке қызығушылығын
Студенттерді мәдениет феноменінің мәні, құрылымы, типологиясы мен әлемдік, отандық мәдениеттің негізгі даму үрдісі туралы жүйелі мәліметтермен және рухани білім негіздерімен қаруландыру, олардың мәдениетке қызығушылығын арттыру, рухани белсенділіктерін тиімді жетілдіретін дағдылар мен шеберліктерін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
1) мәдениеттану ғылымының қоғам өміріндегі рухани мәселелерді зерттеуінің маңыздылығын түсіндіру;
2) студенттерге мәдениеттанудың негізгі түсініктерін ұғындырып, мәдени қатынастарды, құбылыстарды саралап талдай білуге үйрету;
3) қоғамның мәдени жүйесінің дамуының маңыздылығын айта отырып, студенттердің мәдени құндылықтарды бағалай білуін, патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
6) теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде нақты өмірде белсенді пайдалануға үйрету және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, оны практикада қолдану мүмкіндігі.
Күтілетін оқу нәтижелері
1) қазақ қоғамының әртүрлі даму кезеңіндегі мәдениет құндылықтары туралы біледі; 2) қоғамның мәдени-этикалық құндылықтарын түсінеді;
3) әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың ерекшеліктерін ажыратады;
4) мәдениеттанудың пәндік білімін шығармашылық жұмыста дамытады;
5) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолданады; 6) қоғамдағы әртүрлі жағдайларды этикалық нормалар жүйесіне сай бағалайды.