Философия- дүниені ақыл-ой арқылы танып-білуге бағытталған дүниегекөзқарастың ең жетілген ғылыми-теоретикалық түрі. Философияның негізгі пәніне философия айналысатын барлық дүниетанымдық мәселелер және оларды қарастыратын философияның негізгі бөлімдері жатады:
ОНТОЛОГИЯ (грек тілінен аударғанда онтос-болмыс туралы ілім) - болмыстың жалпы теориясы: дүниеден бұрын болған және бұдан кейін де бола беретін, ешқашан жойылмайтын, мәңгі және өзгермейтін, барлық нақты болмыстың қайнар көзі мен негізі; жалпы болмыс деген не, оның түрлері, олардың бір – бірімен байланысы туралы ілім.
МЕТАФИЗИКА – «бірінші философия», адам танымынан жоғары тұрған мәселелер, тұтастай дүниенің, материалдылық пен руханилықтың алғашқы бастамасы мен себептері, субстанция, құдайылық, абсолют, болмыс пен бейболмыс туралы ілім.