Пәннің оқыту объектісі


-анимизм (аңдарға, жан-жануарларға қасиет беру); -фетишизм



бет3/13
Дата11.03.2022
өлшемі20,92 Kb.
#27567
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дәріс контенты

-анимизм (аңдарға, жан-жануарларға қасиет беру);

-фетишизм (әртүрлі заттарға, табиғат құбылыстарына (амулет, тасқа табыну) табыну;

-тотемизм (өздерінің шыққан тегін қандай да бір аңмен немесе жануармен

байланыстырып, соған табыну);

Мифология әлем мен адамды, ондағы болып жатқан құбылыстар мен процестерді бөлінбес бірлікте қарастырғандықтан ғалымдар оны дүниегекөзқарастың синкретикалық түріне жатқызады.

Синкретизм (грек тілінен аударғанда араласқан, бөлінбеген деген мағына береді) бойынша, әлемдегі барлық тіршілік бір-бірімен тығыз байланыста, құдай мен әлем, адам, жануарлар олардың бірінсіз бірінің болуы мүмкін емес, барлығы тең.
Дүниегекөзқарастың екінші тарихи формасы –дін. Уақыт талабына сәйкес мифология дінді қалыптастырды. Дін – бұл адамның өмірі мен қоршаған ортаға ықпал ететін қандай да бір жоғары күшке сенуге негізделген дүниегекөзқарастың екінші тарихи формасы. Діни дүниетаным адамнан қоршаған ортаны рационалды тұрғыда емес,сезімдік-эмоционалдық тұрғыда қабылдауды талап етеді. Мысалы: «мен құдайға сенемін» - деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы қажет. Діннің негізгі талабы – дәлелдеуді қажет етпей, сену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет