Пәннің оқыту объектісі



бет1/13
Дата11.03.2022
өлшемі20,92 Kb.
#27567
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дәріс контенты


1.1. Тақырып. Философия пәні және зерттеу объектісі

Пәннің оқыту объектісі мәдени – тарихи дамудағы және қазіргі жағдайдағы рухани өндірістің ерекше формасы – философия болып табылады. Сондай – ақ, зерттеу обектісінің құрамына әлемдік және отандық философияның мәселелері мен негізгі бағыттары кіреді.

Кез-келген саналы адам өзі өмір сүріп жатқан әлемнің сырын, ондағы өзінің алатын орнын түсінуге ұмтылады.

Адам деген кім, ол неге басқа тіршілік иелерінен ерекше жаратылған, адамның осы дүниедегі орны қандай, дүние деген не, дүниенің болмысын танып-білуге бола ма, осы дүние және адам қалай жаратылған, дүниенің шегі бар ма, егер мен бұл дүниеге уақытша келсем, онда бұл өмірдің мәні неде,өмір және тағдыр , өлім деген не, өлімнен неге қорқамыз, адамның өмірі ақыры бір өліммен аяқталатын болса онда бұл өмірдің мәні неде, өмірде неге қуаныш пен қайғы, жамандық пен жақсылық қатар жүреді? Осындай шешуші қиын қарама-қайшылықты сұрақтарға жауап іздеу барысында кез-келген адам рухани ізденіске түсіп дүниені өз бетімен тануға ұмтылады.
Бұл процесс дүниетану деп аталады. Адамның дуниетанымы оның ой-өрісіне, өмірден алған тәжірибесіне, рухани ізденісіне, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай әртүрлі болады.
Ал дүниетанымның ең жоғарғы жетілген түрі дүниеге көзқарас деп аталады. Дүниеге көзқарас дегеніміз дүние және ондағы адамның орны туралы көзқарастардың біртұтас жиынтығы. Тарихи даму барысында адамзат дүниеге көзқарастың негізгі үш формасын (түрін) қалыптастырды:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет