1.6 Курстың пререквизиті
Студенттерді болашақ мамандыққа тәрбиелеуде, оның біліктілігін арттыруда оқыту теориясының, дидактикасының және практикалық технологиясының алатын орны мен атқаратын қызметі ерекше. Сондықтан бұл пәнді жақсы меңгеру үшін студенттер мектепте қаралатын геометрия курсын жақсы меңгергендері жөн.
1.7 Курстың постреквизиті
Геометрия курсында қаралатын материалдар, соған байланысты есептер мектептің геометрия курсында қаралатын дәлелдеуге, есептеуге, салуға берілген есептермен тығыз байланыста болуы шарт. Бұлар болашақ математика мамандарының білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастырады. Геометрияның негізгі фактыларын, олардың геометриялық және механикалық мағыналарын білу;
Теориялық білімдерін геометрияның есептерін шеше білу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |