Мақсаты: Бұл пән студенттерге тілдің фонетикасынана лексикологиядан сөзжасамнан морфологиядан және синтаксистен жүйелі білім беру мақсатын көздейді.
Міндеттері:Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:
- тілдің қоғамдық мәні және оның ойлауымен байланысы туралы түсінік беру, үндесу заңдылықтарын беру;
- орфоэпиялық орфографиялық ерекшеліктерді меңгеру;
- сөз мағынасының түрлерін айыра білу;
- сөзжасамның негізгі тәсілдерін таныту және морфемаларды меңгерту;
- сөз таптарын жеке-жеке таныту; сөйлем мүшелерін таныту;
- олардың синтаксистік өызметін байқату;
- сөйлемнің айтылу маөсатына және құрылысына қарай бөлінетін түрлерімен таныстыра отырып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін меңгерту;
- сауатты жазуға үйрету.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: Студенттердің коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдени және әлеуметтік-қызметтік құзіреттілігі дамиды.
Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі пәнін игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикологиясы, сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі салаларын толық және жан-жақты білімді болу.
Постреквизиттер:Әлеуметтік-қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазіргі қазақ тілі пәні осы факультетте жүргізілетін барлық пәндерге қажет.