Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 20], 2. [1.7: 21], 3. [1.7: 25].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
№ 13 БАОӨЖ тақырыбы: Сөз тіркесі. Есімді және етістікті тіркестер, олардың байланысу түрлері.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөз тіркестерін есімді, етістікті түріне ажыратып, әрқайсысын бөлек топтап жазыңыз.
Жаңа мекен, балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, халық қазынасы, ақталған сенім, малшыға қамқорлық, кенге бай, мерекеге ұласу, таудағы мұнаралар, үш нәресте, қаланың көмегі, дәрігерге алғыс, суыққа шыдамды, бөлмені безендіру, ерте тұру, көруге құштар, бүгін жолығу, бетегеден биік, жусаннан аласа.
2-тапсырма. Төменд берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін анықтап, бағыныңқы және басыңқы сыңарларын сызып көрсетіңіздер.
Жиырма мыңға жңа толған халқы бар Омбы қаласы ең әрісі жиырма үйден отыратын қыр қазақтарына ұшы-қиыры жоқ үлкен көрінді (Ғ.М.). Баланы құшақтап маңдайынан бір сүйді де, «әкеңе бар» деп есікті көрсетті (Ғ.Мұст.). Күніне үштен, төрттен бордақы семіз қойларды сойғызып үйткізеді (М.Ә.). Жомарт бинокльмен қарап әйел екенін таныды (Ғ.Мұст.). Мен кішкентайымнан далада қой бағып өстім («Жұлдыз» ж.). Сағитты мен сол Жоламанның үйінен кездестірдім (С.М.).
3-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, олардың құрамындағы сөздердің байланысу тәсілін анықтаңыздар.
Сол бетімен жүріп кеткен Бұланбайдың өз үйі ең ауыр күйде қалды (Ғ.М.). Өмірінде ерінген емес (С.С.). Мейрам бой жазуға вагоннан шықты (Ғ.Мұст.). Майбасар ұялғаннан үнсіз ғана, лекітіп күле берді (М.Ә.). Керуеннің қара жолымен өлкені өрлеп бір арбалы келе жатыр (Б.М.). Мәз болады болысы, Арқаға ұлық қаққанға (Абай). Екеуі көңілмен, көзбен ұғысса керек (Ғ.С.). Жабай кірешілердің жолына дейін бір тоқтамастан, артына бір қарамастан келді (Ғ.М.).
4-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, олардың тіркесудің қай түрі екенін анықтаңыздар, есімді немесе етістікті екендігіне, жай немесе күрделі екендігіне көңіл аударыңыздар.
Омар осымен кейін қайтты да, Игілік ілгері кетті (Ғ.М.). Жанәбіл қарқ-қарқ күлді (Ғ.Мұст.). ...оқта-текте бірдеңені қағазына жазып қояды (Б.М.). Шолпанның бір-ақ ащы даусы естілді (Ғ.Мұст.). Көзінің сыртқы шарасы томпақтау және ұзынша біткен (М.Ә.). Басқалар үш-төрт қатынағанда, Әбекең әлі де қатынаған жоқ (Ғ.Мұст.). Сізге сәлем бергелі бұрылдым (С.М.). Шали жолдас күні бүгін ремонт жұмысын 100 процент орындап отыр (М.Ш.). Босағада отырған жігіттер өзара күңкілдесті (С.М.). Онда Тайман он жыл оқыды (З.Қабд.). Екі құлағын қоянша қайшылайды (С.С.). Берен мектеп үйінен шыға келіп, осы көрініске қарап бірсыпыра тұрды (Б.М.). Шетінен Көксерекше батыл (М.Ә.)..
5-тапсырма. Тіркестерді еркін және тұрақты түрлеріне ажыратыңыз.
Ешкімнің ала жібін аттамау, ашық ауыз адам, етек-жеңі жинақы ауыл, ұшып тұрып сәлемдесу, күлімсіреп қарсы алу, топқа жетекшілік ету, тарс етіп жарылу, бүгін-ертең жүру, сөзге құлақ аспады, асығып аттану, қас пен көздің арасында, айтқанымды аяқсыз қалдырды.
6-тапсырма. Бағыныңқы сөздің басыңқы сөзге мағыналық қатысын анықтаңыз.
Көктемгі су, қалың өскен, қол айна, ойдағы алқап, көк жібек белбеу, қыбырлаған тіршілік, алға озу, сараң сөйлеу, қою түтін, дымқыл ауа, аурудан құтылу, орта жолда қалып қоймау, үлкенге құрмет.
Достарыңызбен бөлісу: |