Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет101/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:14], 2. [1.7:16].


2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларға қатысты теориялық мәселелерді меңгеру үшін тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Конспект жасау барысында негізгі мәселелерге назар аударыңыз. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспарына сай қазіргі қазақ тілі жаттығулар жинағын пайдаланыңыз. Әр жаттығудың берілген тапсырмасын орындаңыз. Түсініксіз сөздерге тиісті сөздіктерді, анықтағыштарды пайдаланыңыз. Сөйлемдерге лексикалық, фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау барысында қазақ тілінің әр саласына қатысты оқулық пайдаланыңыз.
1 БАӨЖ тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты және құрылымдық-жүйелік ерекшеліктері.

Тапсырмалар
1-тапсырма. К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» еңбегінен «Тілдің таңбалық сипаты және құрылымдық-жүйелік ерекшеліктері» деген тақырыпты конспект жасаңыз.
2-тапсырма. С.Мырзабековтің «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» еңбегінен «Тілдің таңбалық сипаты» деген тақырыпты конспект жасаңыз.
3-тапсырма. Дыбыс, әріп, таңба, фонемаларға сипаттама беріңіз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 4].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
2 БАӨЖ тақырыбы: Дауысты дыбыстардың жасалуы және түрлері.

Тапсырмалар
1-тапсырма. Әрбір екі дауысты фонеманы салыстырып, олардың бір-бірімен ұқсастығын, бірінен екіншісінің айырмасын нақтылы көрсетіп жазыңыз.
Еламан жылы төсектен желең шыққан-ды. Жел өтінде тұра алмай, ол ықтап, есік алдына кеп тұрды (Ә.Н.). Бұл жігіттің жасы отыз шамасында орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұрынды, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні, құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұр (М.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет