3-тапсырма. Буын жігінің орфоэпиялық бөлінуі мен орфографиялық бөлінуінің кейде сәйкес келмейтіні, оның себебі.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 13], 3. [1.7: 14].
Қосымша әдебиет:1. [1.7: 10], 2. [1.7: 9].
№ 5 БАӨЖ тақырыбы: Сөздің мағыналық түрлері.
Тапсырмалар 1-тапсырма. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика еңбегінен «Сөз және мағына» деген тақырыпты конспект жасаңыз.
2-тапсырма.Берілген сөздердің мағыналарын ажыратыңыз.
Шалқар деген кең төскей, мол жайлау құлпырып тұр екен. Өзені тұнық бірдей, құнан шаптырымдай. Шалқар десе Шалқар еді. Күндіз-түні айықпай, самал боп есетін Арқаның майда қоңыр желі Шалқарда, әсіресе рақат лебіндей майысып желпитін. Төрінде бетегелі белестері бар – жасыл толқынындай. Осы Шалқарға биыл қонған ауылдар көп екен. Абайлар өз ауылын тапқанша талай қалың ауылды аралап өткен. (М.Әуезов).
3-тапсырма. Мағынаның метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсілдері туралы баяндаңыз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 12], 3. [1.7: 14].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 10], 2. [1.7: 11].
№ 6 БАӨЖ тақырыбы: Қазақ емлесінің кейбір мәселелері (кейбір дыбыстардың жазылуы; сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы т.б.
Тапсырмалар 1-тапсырма. Р.Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). еңбегінен «емле, тыныс белгі» деген тақырыпта конспект жасаңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерінің қойылауын түсіндіріңіз.
Ұмытып барады екем жуырда елінен Әміржан келіп қалды. Сол ниетпен кірсем неге екенін кім білсін мені елеген адам болған жоқ (С.Мұқанов). Байқаймын менің ойымша ол мені танитын адамға ұқсайды (М.Иманжанов). Әй қарағым Мақпал-ай қай шеке қызғаннан көңілденген дейсің біздікі.Шырағым Бәтима мына қаршадай баланы ылғи ертіп кетесің. Осы немді бітіріп жүр әкем-ау. Несін жасырайын тезірек кетпесеңдер біздің де далаға тастар қызымыз жоқ жігіттер.Әй бейшара бейшара енді несіне өкінесің саған бір емес мың айтылған жоқ па? (А.Нұрманов).