Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет107/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 13], 2. [1.7: 16].
12 БАӨЖ тақырыбы: Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.

Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтіндегі грамматикалық формалы сөздерді теріп жазыңдар. Лексикалық мағына беретін бөлігі мен грамматикалық мағына беретін бөлігінің арасындағы байланысты түсіндір.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде сыр мен сымбаты келіскен, жүрек толқытарлық небір сұлу кескінді бейнелер жасалынған ғой. Соның ішінде бекзат болмысымен ерекше елеулісі, көңілге де, көзге де көрікті, қиялды қозғап, ойды оятарлық сүйкімдісі - әйел образы. әрине, осынау тұтас жалпы айтылған “әйел образы” деген ұғымды жіктеп, жүйелеп, бөлшектеп айтар болсақ, онда жас ерекшелігіне, өмірдің қай баспалдағында екендігіне орай бірнеше түрлерге бөліп, бірнеше атаулармен атауға болады. Мәселен, қыз, қарындас, жар, келіншек, ана, бәйбіше т.с.с. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері көркемдік кестесі мен мәнері, суреттегіш, бейнелегіш құралдары болатынын айту қажет.
2-тапсырма. Үзіндіден негізгі морфема мен көмекші морфеманы ажыратып, қандай мағыналардан тұратынын айтыңыз.
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойынды,
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің (Бес ғасыр жырлайды).
3-тапсырма. Төмендегі сөздерге түрлі грамматикалық көрсеткіштерді үстеп түрлендіріңіздер.
Ана, бала, үй, жер, өмір, сыр, ел, су, шаш, жол, киім, сөз, ажар, кітап, жұлдыз, домбыра, қала, балалық, қонақ, айна, тау, дүние, нұр, әдет, тіл.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 20], 2. [1.7: 21], 3. [1.7: 25].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
13 БАӨЖ тақырыбы: Грамматикалық категория сипаты мен түрлері. Грамматикалық категорияның сөз таптарына қатысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет