Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет73/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

3-тапсырма. Үзіндіден сын есімдерді тауып, мағынасына, тұлғасына, құрамына қарай талдаңыздар.
Қыз: сұңғақ бойлы, талдырмаш, қанаттанып жетпеген қаздың балапанындай сары шашты, кескіні аршыған жұмыртқадай аппақ; көзі тұнық, қара; қылдырықтай қиылған қасы бар, садақтың оғындай тізіліп қайқайған ұзын кірпігі бар (С. М.). Қара сақалды, қара қалпақты, жүзі суық үлкен кісіге өз аруағын қорғай тіл қатқаны да, қызға әйелдің батыл адам екенін байқатты. (X.Е.). Келін – тамаша адам, ақылды, парасатты және шығыстың ғадет-ғұрпын бірде-бір бұлжытпай орындайтын өз ортасының өте көргенді әйелі. – Онда бұл қалай, өте ұяң, жасқаншақ, тіпті келіссіз ұялшақ адам болғаны ма? Әлде жаннан асқан өр көкірек, тәкаббар әйел.ме? (X.Е.).
4-тапсырма. Сан есімдерді мағыналық топтарына қарай талдау жасаңыз.
Біреулер саптамасын мақтап жатқанда, екіншісі жай-намазын: «Құдірет күш иесі Бұхарадан шыққан» деп дәріптеп тұр. Үшінші біреу, шекпенді сілкілейді. Керкілдескендер бірін-бірі жұлқи тартып, шаппа-шап қол соғысып, қайта ажырасып, қайта табысады (К.0.). Енді, міне, екі әнші өзімен-өзі жеке отырып, мұңдарын шағы-сып, көп жайды ойлап, әрнеден түңіліп не замананы, не адамдарды жазғырарын білмей тұйыққа тіреледі. Екеуін де өмір қыспағы қинайды (И.Ж.) Бұл арада отбасында үш Бұлжымас ереже орын алды. Біріншіден, егер бірдеңені жасауға болмайды екен, онда ол жасалмауға тиіс. Екіншіден, балалар неліктен істеуге болмайтынын түсінуге тиіс. Және үшіншіден, үлкендер де, кішілер де орнатылған тәртіпті бірдей дәрежеде жақтауы керек (И.Печерникова).
5-тапсырма. Сын есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 15], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 6], 2. [1.7: 16].
Әдістемелік нұсқаулар: Зат есім, сын есім, сан есімдерге қатысты мәліметтерді негізгі тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындаңыз. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасап, зат есім, сын есім, сан есімнің сөйлемдегі қызметінің ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.
10 семинар сабағы тақырыбы: Есімдік. Етістік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет