Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет76/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 13], 2. [1.7:16].
Әдістемелік нұсқаулар: Үстеу, шылау, еліктеу сөздердің ерекшеліктерін, негізгі сипатын білу үшін негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмалардағы сөйлемдерді талдаңыздар. Әрбір сөз таптарының өзіндік ерекшеліктеріне назар аударыңыз, айырмашылықтарын көрсетіңіз.
12 семинар сабағы тақырыбы: Сөз тіркесі

1 сағат. 12-апта
Сұрақнама:
1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөз тіркесінің өзіндік белгілері.
3. Сөз тіркесі мен күрделі сөздердің айырмашылығы.
4. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдерін атаңыз.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Төмендегі үзінді бойынша сөйлемдегі байланысқан сөздердің синтаксистік қатынасын табыңыздар: қай-қай сөздер салаластық қатынаста, қай-қай сөздер сабақтастык, қатынаста айтылған. Сабақтастық қатынастағыларды түрлеріне қарай (предикативтік, предикативтік емес: анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық) ажыратыңыздар.
Дала толы ән де үн... Бусанған жердің көзіңе көрінбейтін мың түрлі жан иелері түгел оянып, үн қосып өмірге талпынатын сияқты. Жер бетінде тұтаса шыққан бір шың-шың бар. Тал жібектей балбыраған әрбір көк шеп ән салып тұрғандай. Кішкене өзеннің өн бойын өрлей біткен күрке-күрке көрінген құба талдар да, түп-түп тобылғы мен қараған да дүниеге осы көк жамылған күйінде, бүгін ғана пайда болғандай қызықтырады. Дүние бір ұйқысы қанып оянған жас баладай балғын да ерке; құшақтауыңды, иіскеуіңді күтеді.
Бүгін бұлардың салған әндері де көңілді еді. Қыс бойы барақтарда естілетін әндерде мұңды бір сағыныш сазы болатын-ды. Кең даланы, таза самалды, орманды, егінді, буды сағынатын жұрт ылғи бір мұңды әндер салатын. Мұң ұялап қамыққан көңілді сол мұңды айтып аңтаратын, төгіп тазартатын мұңды әндер ғана босата алады. Көңіл кірі, айтсаң ғана кетеді. Жабырқау көңіл қуаныш күйіне ашпайды есігін (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет