Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет96/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 13], 2. [1.7: 16].
12 БАОӨЖ тақырыбы: Сөз таптары.

Тапсырмалар:
1-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздердегі сын есімге талдау жасап, нақыл сөздердің мазмұнын, мағынасын түсіндіріңіздер.
Ақылды әрі адал адамға жақындауға талпын, ақылды әрі өтірікші адамнан сақ бол, адал әрі ақымақ адамды ая, өтірікші әрі ақымақ адамнан аулақ қаш (Үнді нақылдарынан).
Байлық пен баянды денсаулық, дос пен тілі тәтті әйел, тіл алғыш ұл мен пайдалы білім – бұл ғаламдағы алты игілік (Үнді нақылдарынан).
2-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, неше? нешеу? қанша? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып, олардың қандай сан есім екенін айтыңыздар.
а) Біз екеу едік. Жолдасым – отыз-қырықтар шамасындағы адам. Жел артымыздан, ауылдан он-он бес шақырым шықтық. Жаздай жайлап, жердің отын шығарып тастаған жайлау орнын ақ жарып, құбылаға бет алып жатырмыз. Бірді-екілі шалшық сулардың басында ұйлығып отырған топ-топ қаздарды көресің. Жүрген сайын жер өнбегендей, сол ұшы-қиыры жоқ елдің жайлауы бітпейтіндей көрінеді. Бір белеске шықсаң, екінші белес ұшырасады. 2.Бұл атаның баласы – жүз-екі жүз үйлер. Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады (Б.Майлин).
3-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы зат есім, сын есім, сан есімдерге жан-жақты талдау жасаңыз.
Біздің ортамызға әнші Жәнібек Кәрменов келді. Сол өнерпаздың әнін тыңдайық дегенде, жұрттың бәрі жапатармағай сахна алаңына лап қойып, құлақ түріседі. Біржанның «Адасқағынан» бастап, әнші жиырма бір әнді бірінің артынан бірін төпейді. Халық дән ырза болады. Сол сапардағы үш күннің ішінде Жәнібек 178 әннің басын қайырыпты. Ешбір дайындықсыз, бап талғамай, қиналыссыз шырқаған (М.Әлімбаев).
4-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, есімдіктердің астын сызып, қандай есімдік екенін ажыратып, оның құрамын қсымшаның түріне қарап талдаңыздар.
Бірдемені кек тұтса, түпке жетпей қоймас... Біреулер шын ниетпен қолдарын жайып, жүздерін сипап жатыр. Рысқұл іші ауырған жандай екі иығын ілгері қомдап, бірдемелерді күбірлеп отырады... Бірақ әлдеқайда өтірік айтты. Көже ме, бірдеме қайнап жатыр (Т.Нұртазин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет