«Қанағаттандырарлықсыз»деген баға Ғ әріптік, 0 сандық және 0-49 % пайыздық бағаға тең. Бұл баға білімалушы бағдарламалық негізгі материалды меңгермеген, пәндік бағдарламаның жартысын да меңгермесе, жауаптарында, аралық және қорытынды бақылаудардың кейбір тапсырмаларынан кателер жіберілсе, оқу бағдарламасына сай негізгі әдебиеттерден берілген материалды меңгермеген жағдайда қойылады.
Білімалушы қорытынды бақылаудың бағасымен келіспеген жағдайда аппеляцияға беруге болады.
Апелляция өткізу тәртібі
Апелляция емтиханнан кейін, ертеңгі күні сағат 13.00 – ге дейін студенттердің өз еркімен мына жағдайларда беріледі:
тесттік тапсырмалар мен билеттер тұжырымдары түсініксіз;
Апелляция комиссиясының шешімі жағымсыз және сессия қорытындысында
қанағаттандырарлықсыз бағалар алса, студент оқудан шығарылмайды.
Академиялық қарыздар жазғы семестр кезінде өткізіледі.