6. Кәсіби қызметінің типтік мәселелері
"050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының бакалавры кәсіби шығармашылығғының әр түрлі саласында өз кәсіби міндеттерін орындай отырып, келесі типтік мәселелерді сәтті шешуге қабілетті:
- ағымдағы технологиялық тізбек және процестерді қамтамасыз ету үшін бастапқы шикізат материалдарын, заттарын және қосымша материалдарды бастапқы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеу бойынша технологиялық құрал-жабдықтар және ағымдағы технологиялық тізбек пен процестердің технологиялық бақылауын өндірістік технологиялық регламент және технико-эксплуатациялық құтатамларға сәйкес жүргізу;
- қызмет объектілерінің (технологиялық процестер, құралдар, т.б.) динамикасы мен күйін анализдің қажетті әдістері мен құралдарын қолданып болжау мен сараптау;
- жаңа технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе иехнологиялық құрал-жабдықтарды жобалауға техникалық тапсырмалар жасау;
- ағымдағы технология, технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе технологиялық құрал-жабдықтар модернизациясы бойынша техникалық тапсырмалар жасау;
- әр түрлі типтегі (зертханалық, тәжірибелік-өндірістік, өндірістік) технологиялық регламенттер жасау;
- тәжірибелік-өндірістік және өндірістік-технологиялық регламенттерді іске асыру;
- жаңа химиялық технологиялар мен технологиялық процестерді жасау бойынша ҒЗЖ жүргізу;
- жаңа химиялық технологиялар мен технологиялық процестерді жасау бойынша ОКР жүргізу;
- жіберу-реттеу жұмыстарын жүргізу;
- органикалық заттар мен материалдар өндірісінде толық жобалық құжатнамасын жасау;
- технологиялық сызба және жеке түйіндердің альтернативті нұсқаларын талдау және бағалау;
- ағымдағы өндіріс жағдайында орындаушылар мен мамандар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
- еңбек және өндірістік тәртіптің қажетті деңгейін қаматамасыз ету;
- өндірістің технико-экономикалық талдауын жүргізу;
- әр түрлі көзқарас жағдайындағы басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |