Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мамандыққы кіріспе» 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ Әдістемелік материалдары



бет3/83
Дата06.01.2022
өлшемі194,26 Kb.
#13300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
0201ceb6-563e-11e5-884b-f6d299da70eeУММ 5В072000Мамандыққа кіріспе каз.

Химиялық технология - табиғи шикі заттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық және экологиялық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым. Химиялық технологияның бөлек білім саласы және оқу пәні ретінде бөлінуі XVIII ғ. Екінші жартысында болды.

Зерттейтін объектілері бойынша химиялық технология екіге бөлінеді:



  • бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т.б.)

  • органикалық (жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б.) заттар технологиясы.

Механикалық технология заттардың сырт пішінін, физикалық қасиеттерін өзгерту әдістерін зерттесе, химиялық технология заттардың құрамы мен құрылысын өзгертудің химиялық жолдарын қарастырады. Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне: өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері, өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі, процестің өндіру қарқыны, өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады. Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.

Химиялық технологияның барлық процестері жалпы кинетикалық заңдылықтарға байланысты 5 негізгі топқа бөлінеді:


  • гидромеханикалық;

  • жылу;

  • массаалмасу (немесе диффузиялық) процестер;

  • химиялық процестер;

  • механикалық процестер.

Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодтық және периодтық емес болады.

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарының жасалуы мен жетілуінің негізі. Адам әрекетінің барлық салаларына химиялық технологияның осындай енгізілуі оны терең зерттеуін қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет