Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері



бет23/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері. Азаматтардың заңды құқықтарының, міндеттерінің және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар. Мұндай кепілдіктер мынандай әрекеттерден тұрады: Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық міндетін орындау; Оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау; Олардың жүзеге асырылуына байқау мен бақылау жасау; Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; Оларды бұзған жағдайда санкциялар қолдану. Мемлекеттік басқарушылық қызмет процессінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың екі бағыты бар: Біріншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады: Азаматтың өзіне бекітілген құқықтарды жүзеге асыру жөнінде атқарушы органға (лауазымды адамға) өтініш жасауы арқылы. Өкілетті органның (лауазымды адамның) азаматтық өтінішін, оның заңдылығы мен негізділігін анықтау үшін, қарауы арқылы. Олардың өтініш мәселесі бойынша шешім шығарылады. Қабылданған шешімді орындауы. Екіншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады. Бұл атқарушы органның (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы: Байқау жасап отыру функциясы арқылы жүзеге асырылады. Қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтарын тікелей қорғауы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтарыын қорғауды жүзеге асыру жөнінде сот билігі және прокуратура органдары маңызды рөл атқарады. Прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын бұзатын басқарудың құқықтық актілеріне наразылық білдіреді.

4. Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың түрлері. Азаматтардың өтініш жасау құқығы ҚР-сы Конституциясының 33- бабында бекітілген, соған сәйкес ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге,сондай ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ҚР- ның Конституциясына негізделген ҚР-сы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995ж.19-маусымда қабылданған заң күші бар жарлығының орнына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі турал» 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған жаңа заңға сәйкес және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Заңда өтініштердің түрлері ажыратылып, олардың ұғымдары берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет