Әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл мемлекеттік басқару саласында әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік – құқықтық қатынастардың мәнісі: әкімшілік құқық субъектілерінің әр түрлі мүдделерін, аса маңызды өмірлік қажеттіліктерін және құқықтық қатынас тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Басқару органы - әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі ретінде адам мен азаматтардың мүддесінде мемлекеттің атынан өзінің биліктік өкілеттігін жүзеге асыратын орган.
Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектісі - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - әкімшілік құқық субъектілерімен атқару – билік жүргізу қызмет аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі.
Нормативтік құқықтық актілер –референдумда қабылданған уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгеретін, тоқтататын немесе уақытша тоқтата түратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Құқық нормасы – нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
Министрлік– мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма.
Ведомство – ол белгілі бір министірлік нгемесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады.
Заңды жауапкершілік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мұддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды шара.
Әкімшілік іс жүргізу – материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құрылған әрекеттер жиынтығы немесе басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс-әрекеттерінің әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады.