Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Әкімшілік – құқықтық режим –



бет3/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Әкімшілік – құқықтық режимзаңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады.

Мемлекеттік құпия – бұл ақпарат, мәліміт, санкциялы емес рұқсаттың елге, мемлекетіміздің қызығушылығына зиян келтіруі мүмкін.

Құқықтық мәжбүрлеу – заңды норма негізінде қолданылатын және мемлекеттік билік белгілеуіндегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.

Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтың еркін әрекетіне қысқа мерзімде шек қою.

Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін тарату-алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал болып табылады.

Жалпы құқық бұзушылық – бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі іс-қимыл.

"А" корпусы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;

"Б" корпусы – "А" корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;бонус – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;

Бiлiктiлiк талаптары – мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi;

Құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

Лауазымды адам – билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адам;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет