Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі



бет35/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Ұсынылған әдебиеттер:
1. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі 2014.31-шілде
2.Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
3.Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
4.Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.М.Қызылов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
6.Е.Баянов Әкімшілк құқық -сызба-2003
8- тақырып. Әкімшілік мәжбүрлеу


Дәрістің мақсаты: «Әкімшілік мәжбүрлеу»туралы түсінікті қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әкімшілік мәжбүрлеу мен сендірудің жүзеге асырылу жолдарын көрсету.

Глоссарий: Құқықтық мәжбүрлеу – заңды норма негізінде қолданылатын және мемлекеттік билік белгілеуіндегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.

Жоспар:
1.Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.
2.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.
3.Бақылау және қадағалау шаралары. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.


1. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері. Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі бола отырып, мемлекет атынан және оның қызығушылығымен жүзеге асырылады, сонымен қатар заңдық рәсімге ие. Бұл заңды мәжбүрлеу қандай да болмасын міндетті ережелерді орындамағаны үшін мемлекет атынан құзіретті органдар қолданады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді. Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады (мысалы, ішкі істер органдары, бақылау- қадағалау органдары т.б.). Сонымен, әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет