Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика» Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет66/75
Дата20.10.2023
өлшемі480,5 Kb.
#120010
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75
Байланысты:
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»-www.emirsaba.org

Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі. «Метод» (әдіс) термині - гректің «method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практикада мұғалімнің сабақ беруі мен оқушы қызметінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, меңгеру, оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты.
Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған. Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тәсілдері де бар. Мысалы, сабақтар былайша жіктеледі: дидактикалық мақсатына қарай (И.Т. Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің негізгі кезендеріне қарай (С.В. Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М. Яковлев, A.M. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н. Борисов), оқушылардың оқу әрекетін ұйымдас-тыру тәсілдеріне қарай (Ф.М. Кирюшкин).
М.И. Махмутов ұсынған сабақ құрылымысабақты ұйымдасты-ру, жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай бө-лінеді. Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип - жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы; 2- тип - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын қолдану сабақтары; 3-тип - білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип - аралас сабақтар; 5-тип - білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойын-дамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады.
Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасы-на қазіргі заманғы сабақтың теориясы мен практикасының негізгі түсі-ніктері жатады. Себебі, ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтері және бө-ліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді. 1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) оқушылардың бі-лімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен жүйелеу. Басқалары - сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері деп қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет