Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері



бет22/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Педагогикалық қарым-қатынасының тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып, оның атқаратын қызметтеріне мынандай негізгі қызметтеріне (функцияларына) тоқталып өтейік:

  1. Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.

  2. Қарым-қатынастың интерактивтік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады.

  3. Қарым-қатынастың перцептивтік қызметі арқылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады.

Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз адамның қарым-қатынас жасаудың тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы.
Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы. Әр маман үшін тіл мәдениетін дұрыс меңгеру оның абыройының артуының, кез келген ортада өзіне деген сенім мен құрметке бөленуінің негізі.
Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуында мынадай негізгі көрсеткіштер әсер етеді: 1)Сөйлеген сөздің дұрыстығы; 2)Сөздің анықтылығы; 3)Сөздің нақтылығы; 4) сөздің түсініктілігі 5) Педагогтың тіл байлығы; 6) Тіл тазалығы,айтылған сөздің мазмұндылығы, сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы. Мұғалімдердің сөйлеу әдебінде тек сөйлеу шеберлігі емес, сонымен қатар оқушыны мұқият тыңдай білу мәдениеті де маңызды рөл атқарады. Тыңдау және есту: қайсысы дұрыс? Тыңдай білу және ести алу екеуі екі түрлі үрдіс десек болады. Тыңдау үрдісінде адам өзіне қызықты және қажетті ақпараттарды ғана қабылдайды. Ал ести білу дегеніміз әңгімелесушінің айтқан сөздеріне толық мән беру, оның не жеткізгісі келіп тұрғанын сезіне алу.
Ұстаздық мамандықты таңдаған адамды бірден оның кәсіби ерекше қасиеті болып табылатын педагогтық әдеп ерекшеліктерінен тануға болады. Педагогтық әдеп – ұстаздың кәсіптік моралі туралы ілім. Педагогтық әдеп жай ғана сыпайылықты сақтау емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, ол адам бойындағы мәдени мінез-қүлықтың, білімділіктің жиынтығы.

1

5-дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет