Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы



бет67/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы. Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:

  • сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді;

  • әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғілімнің басқаруымен шешеді.

  • топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да-ра бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм-кіндіктері ескеріледі.

Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм-кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ-тың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде-рінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін - бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері нақтыланады.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семи-нар-сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.
Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін та-қырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақты-лап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. Тақы-рыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушы-лармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі ке-ректігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайын-далуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі са-бақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған" сабағын көруге болады.Тақырыптық жос-парлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған педагог М.И. Махмутов болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет