Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау



бет68/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. Сабақ жоспары – бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтыңмақсаты - бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушы-лардың түсініктермен жұмыс барысында белсенділігін оятатын мате-риалды іріктейді, қорытынды сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сабақ құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарын-да сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып, сабақтың дидакти-калық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша маз-мұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер өзектендіріледі, жа-ңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдай-лары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу әрекетін ба-қылау және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу-танымдық және прак-тикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:

  • оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;

  • оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.

Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алу әдісі.Сабақтыталдау және бағалау педагогикалық шығармашылықта маңызды элемент больш табылады. Өз жұмысыңды талдау - мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы. Оның сапасы әр түрлі факторларға, атап айтсақ, мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына байланысты. Талдауды келесі сабаққа дейін неме-се сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осы кезде мұғалімсабаққа дайын-далғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақты әр қырынан талдауға баяндалған. Мұғалімнің сабағын талдау және бағалау тәсілдерінің іші-нен ең қолайлысы Т.А. Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады. Олмұғалімге өз сабағын талдауға баға берудің 10 түрлі өлшемдерінбөліпқарастырады.

Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру;

    • Оқу үдерісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру;

    • Сабақ үдерісіндегі тәрбие;

    • Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау;

    • Оқыту әдістерін талдау;

    • Мұғалімнің сабақтағы жұмысы;

    • Сабақтағы оқушының жұмысы;

    • Сабақтың гигиеналық жағдайлары;

    • Кейбір арнайы тапсырмалар.




1

14 - дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет