Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет3/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Курстың мақсаты: қазіргі кезеңнің талаптарына сай жеке тұлға, іс-әрекет, құндылық-бағдарлы тәрбие, біртұтас педагогикалық процесс және педагогикалық процесті басқару теориялары тұрғысынан студенттерге тәрбие, білім беру мен оқытуды жүзеге асыру. Педагогикалық процесті гуманизациялау, мұғалім мен оқушының үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастырып, құндылық-бағдарлы педагогикадағы тұлғаның жеке бас еркіндігі мен іс-әрекетіне мән беру, оқушының жеке басын құрметтеу, өзіндік ұстанымын жетілдіру негізіндегі оқу-тәрбиеісін ұйымдастыруға бағыттау.
Пәннің негізгі міндеттері:
1.Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен өзгешелігі және кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдер мен қамтамасыз ету.
2.Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетпен қазіргі заман мұғалімі бейнесін жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
3. Үздіксіз кәсіби білім алуға ұстанымын қалыптастыру.
4. Болашақ мұғалімдерде дүниетанымдық ұстанымын дамыту және теориялық білімдерін практикалық біліктіліктерге алмастыру қабілеттері ретінде түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (зерттеушілік, дидактикалық, тәрбиелік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.
5.Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
6.Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.
7. Студенттерді педагогіка ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерімен қаруландырып, оларға кәсіби–мәдени практикалық дағдыларды игерту мен бірге, оларды шығармашылық ізденіске бағыттау.
3. Курстың академиялық саясаты:
Қалыптастырушы бағалау: Студенттің сабақтағы дискуссиялар мен треннинг, жаттығуларға қатысуы ескеріледі. Пәннің тақырыбы бойынша конструктивті сұрақтар, диалог, презентациялар және кері байланыс сабақ барысында студенттің қатысуына байланысты көтермеленіп отырады, ал мұғалім қорытынды бағаны қою кезінде әр оқушының сабаққа қатысуын ескереді. Тиісті үй тапсырмасын тапсыру немесе СӨЖ мерзімдері ауыр жағдайлар туындаған кезде ұзартылуы мүмкін (мысалы: ауру, төтенше жағдай, жазатайым оқиға, күтпеген жағдайлар және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет