Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»


Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары



бет16/41
Дата04.10.2022
өлшемі149,84 Kb.
#41345
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
аза стан республикасыны

Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары.
1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.
2. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі:
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтын сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытуды «білім беру, тәрбиелеу және дамыту» қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып отырулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды ескеріп отыруы шарт.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп практикасында бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы дегеніміз – сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу деген сөз. Сондықтан дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Мысалы, И.Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды, ал М.А. Данилов пен Б.П. Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Дегенмен мектеп тәжірибесінде көптен қолданылып жүрген сабақ түрлерін И.Н. Казанцевтің жіктеуіне сәйкестігін байқаймыз. И.Н. Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалды өтетін сабақ.
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Практикалық сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:

  • Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).

  • Сабақта үй тапсырмасын тексеру.

  • Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.

  • Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, практикалық және лабораториялық жұмыстар жүргізу).

  • Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.

  • Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет