Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет19/41
Дата04.10.2022
өлшемі149,84 Kb.
#41345
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
аза стан республикасыны

Негізгі ұғымдар: семинар, экскурсия, факультативтер, сынақ, үйдегі оқу жұмысы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Білім берудегі оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерінің өзіндік ерекшеліктері сипаттаңыз.

  2. Экскурссияны қалай жоспарлауға болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976

  6. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А.,«Мектеп», 1986

  7. Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999

  8. Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973

  9. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981

  10. Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991

8-тақырып: Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері.

  1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.

  2. Тәрбие заңдылықтары мен принциптері.

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жұйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Өйткені, қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеалогиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.Тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс, себебі адам жеке тұлға ретінде тәрбиеленеді. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткеге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдері азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесіқоғамның барлық азаматтарының міндеті, жанұя, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбие заңдылықтарына:

  • баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;

  • баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбие болмайды;

  • тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;

  • тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;

  • тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

  • қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік позициясына тәуелді екендігінде, сондықтанда тұлға тәрбиесі , бұл заңды құбылыс.

Тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларн жүзеге асыруда тәрбиешілердің пайдаланатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы.
Тәрбие принциптері:

  • тәрбиенің мақсаттылығы – тәрбие үрдісіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді;

  • тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы – мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру;

  • еңбек арқылы тәрбиелеу – баланы еңбек ете білуге, қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттілктерінен туындайды;

  • жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі – бұл принциптің көздейтін мақсаты: оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы турде меңгертүді, жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;

  • балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу - әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көзқарасы, ақыл-ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр түрлі. Сондықтан тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор;

  • тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіңдеп жүйелі түрде жүргізуді талап етеді;

  • жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделген;

  • тәрбте процесінде мектеп, жаңұя, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы – тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет