Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет30/41
Дата04.10.2022
өлшемі149,84 Kb.
#41345
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
аза стан республикасыны

Жалпы шарттарға - әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды жатқызуға болады.
Арнайы шарттарға – оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің орналасқан жері (қалалық немесе аудандық), мектептің материалдық мүмкіндіктері, қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі және т.б.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық дамуы мен жас ерекшелігіне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады.Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын құрайды: бастауыш – І-ІҮ; негізгі орта – Ү-ІХ; жоғары – Х-ХІ кластар. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.
Ал педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды:

  1. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы;

  2. Педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.

Қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің иновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерінің ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етеді.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етеді.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта иновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типтік сыныптар ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсеклестік ахуал туғызуда.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың барлығы бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған.
Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Волков, Т.И.Гончарова, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, М.П.Шетинин, Е.Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды.
Педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы В.Е.Грурман, В.В.Краевский, П.И:Керташева, М.Н.Скаткин сияқты ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған.
Педагогикалық инновацяны ендіруде жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға берілетіндей нақты критерийлерді пайдалануларды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылық пен қолдану мүмкіндігі.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отвруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады.
Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру бағытында мектептерде әдістемелік жұмыстардың келесі түрлері қызмет атқарады: пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу,ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу,ролдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар,педагогикалық жағдайды талдау және моделдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет