Параметрлік талдау – оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы мәліметтердің себебін анықтауға бағытталады. Бұнда өзгерістер мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Параметрлік талдау: ағымдағы сабақ үлгерімі, мекткептегі бір күндік, апталық тәртіп, мектептің санитарлық жағдайы, сыныптан тыс шараларға қатысу, сабақ кестесінің сақталуы және т.б. Параметрлік талдау – фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, оның қалыптасу себебін анықтау.
Тақырыптық талдау –педагогикалық практика барысында тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны келесі мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгершілік, этикалық, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі, мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру.
Қорытынды талдау –уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын озық үйретуге бағытталады.
Мектеп басшысының келесі функциясының бірі – мектеп жұмысының жоспарын дайындау, оның орындалуына жағдай туғызу, қадағалау.
Мектеп жұмысының прктикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады:
перспективалық;
жылдық;
ағымдық;
Перспективалық жоспар мектептегі соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Негізгі ұғымдар: басқару мәдениеті, жоспар, жоспар түрлері, педагогикалық талдау. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Мектеп басшысының басқару мәдениеті дегеніміз не?
Мектеп жұмысы жоспарының түрлері, оған қойылатын талаптар.
Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003
Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006