Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет44/47
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#15220
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
4.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
СОӨЖ дайындалу барысында пән бойынша оқу әдебиетін пайдаланып, мәселені алдын-ала меңгеру ұсынылады. Теориялық материалды меңгеру барысында күдік келтіретін немесе толық түсінбеген сұрақтарды көрсете отырып, оқығандары бойынша қысқаша конспект құру керек.

1-тақырып: Феноменологиялық термодинамика және статистикалық физика. Флуктуация жөнінде ұғым. Тепе-тең және тепе-тең емес макрокүйлер.

Термодинамика мен статистикалық физикадағы 2 әдіс бар екеніне назар аудару керек. Флуктуацияның пайда болуын түсіндіру керек және тепе-тең, тепе-тең емес күйлерге анықтама беру керек.



2-тақырып: Термодинамикалық параметрлер. Температура, оның энтропия арқылы өрнектеу. Абсолюттік нөл. Теріс температуралар.

Макрожүйенің күйі термодинамикалық параметрлермен сипатталатын көрсету керек және температура ұғымын нақтырақ қарастыру керек.



3-тақырып: Қысым. Негізгі термодинамикалық процестерге I заңды қолдану. Жылу машиналарының ПӘК-і.

Термодинамикалық процестерді талдауда термодинамиканың I заңын қолдану керек.



4-тақырып: Нернст теоремасы. Термодинамикалық функциялар: ішкі энергия, еркін энергия, энтальпия, Гиббстің термодинамикалық потенциалы.

Төменгі температуралар облысында Нернст теоремасы қолданылатынын көрсету керек. Термодинамикалық функциялар аналитикалық әдіс екеніне назар аудару керек.

5-тақырып: Гиббстің каноникалық үлестірілуі.

Гиббс үлестірілуі статистикалық физикалық негізін қалайтынына назар аудару керек.

6-тақырып: Гиббс үлестірілуін қолдану.

Гиббс үлестірілуін практикалық есептерге қолдану керек және жүйедегі бөлшектер санының өзгеруін ескеру керек.



7-тақырып: Заттың екі фазасының тепе-теңдігінің және оның орнықтылығы. Бірінші ретті фазалық ауысулар.

Екі және үш фазалардың тепе- теңдігін және I, II ретті фазалық ауысуларда қарастыру керек.



8-тақырып: Ферми-Дирак және Бозе-Эйнштейн үлестірулері.

Кванттық статистикалық екі түрін әртүрлі практикалық есептерге қолдану керек.



9-тақырып: Флуктуация ықтималдығына арналған Эйнштейн формуласы. Ықтималдықтар теориясының элементтерін және оларда қолдануда қарастыру керек.

10-тақырып: Фоккер-Планк теңдеуі. Больцманның кинетикалық теңдеуі. Физикалық кинетиканың негіздерін және оларда қолдануда қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет