және ΔНнейтр анықтамалық мәндерімен салыстыру қажет.
Зертханалық жұмыс 6 Тақырыбы: Ерітіндідегі гомогенді химиялық реакциялардың тепе-теңдігін зерттеу.
Мақсаты: әр түрлі температурада темір (III) ионының иодид ионымен тотығуының кері реакциясының химиялық тепетеңдік константасын анықтау, алынған мәліметтер негізінде зерттелген реакцияның жылу эффектісін есептеу.
Студент білуі қажет: Гомогенді тепе-теңдік, тепе-теңдік константасы, жылу эффектісі және оларды есептей білу. Бақылау сұрақтары:
Химиялық тепе – теңдік дегеніміз не?
Тепе-теңдік константасы немен сипатталады?
Ле-Шаталье принципі неге негізделген?
Ол бойынша тепе-теңдік константасы қалай жылжиды?
Жұмысқа қажетті заттар: Аспаптар мен ыдыстар. Өлшегіш колбалар, 100 мл. – 4 дана, түбі тегіс колбалар, 100 мл. – 3 дана; 0,1 мл-ге градуирленген 2 пипеткалар, бюретка; термостат.
Реактивтер: 0.03 М FeCl3 жәнеKI ерітінділері, 0,015 М натрий тиосульфаты Na2S2O3ерітіндісі, 1% крахмал ерітіндісі, суытқыш қоспа.