7.3 Еріксіз араластыратын бетонараластырғыш конструкциясы
Қатаң бетон қоспаларын, жеңіл толықтырғыштарымен алынатын бетондар, сонымен қатар ерітінділерді әзірлеу үшін еріксіз қалақтармен айналатын немесе қалақшалармен араластыратын араластырғыштар пайдаланады.
Қос білікті, қалақты үздіксіз әрекеттегі бетонараластырғыш (7.6, а, ә-сурет) рамадан (1), іші болат плиталармен (8) қапталған, астау тәріздес корпустан (6), подшипниктерге (12) орнықтырып айналатын екі біліктен (7) тұрады. Әрбір білікке осьтік бағытта жылжымайтындай етіп кергіш төлкелермен (5) бекітіп, қалақшалар (4) орнықтырып қойылған. Қалақтар винттік спираль бойымен орнықтырып қойылған. Бұл материалдың корпус бойымен жүксіздендіру жағына қарай жылжуын қамтамасыз етеді.
Араластырғыш біліктерінің жетегі электрқозғалтқыштан (9), сына таспалы берілістен (2), редуктордан (10), қалқымалы муфтадан (3), беріліс қатынасы бірге тең болатын тісті берілістен (11) тұрады. Осының салдарынан екі білік бір-біріне қарама - қарсы бағытта, бірдей бұрыштық жылдамдықпен айналады. Араластырғыш корпусы үстіңгі жағынан алып- салмалы қақпақпен (13) жабылады. Араластырғыш корпусының үстіңгі, сол жағында орналасқан (сызба бойынша) ойма арқылы жүктеледі, ал жүксізденуі корпусының қарама-қарсы төменгі жағындағы арнайы тесік арқылы арнайы жинағышқа немесе бірден тасымалдау конвейеріне салынады. Араластырғыштың негізгі параметрлері МЕСТ 9237-80Е стандартымен анықталған.
Темірбетон бұйымдар жасайтын зауыттарда қатаң бетон қоспалары мен тауарлық бетонды қондырғыларында еріксіз араластыратын периодты әрекеттегі бетонараластырғышта әзірлейді.
Роторлық араластырғыштарды қоспа шеңбер бойымен қозғалатын немесе горизонталь шәшке ішінде планетарлық қозғалыс жасайтын қалақтар көмегімен араластырылады.
7.6 - сурет - Қос білікті, қалақты үздіксіз әрекеттегі бетонараластырғыш
Қызмет көрсетуде ең жетілдірілген, әрі қолайлысы роторлық жетегі бар бетон араластырғыш болады. Ондай араластырғыш мысал ретінде 7.7, а, ә - суретте көрсетілген полимерлік тозуға тұрақты шәшке қаптамасымен жабдықталған, «Треллеборд» швед фирмасының роторлық араластырғышын айтуға болады. Ро торлық араластырғыш шәшке корпусынан (1), қақпақтан (2), қалақшалардан (4), қалақтық механизм жетегі мен басқару пультінен тұрады. Шәшке корпусы екі концентрлі бірінің ішіне бірі кигізіліп, өзара бір-бірінен түбінен байланысқан цилиндрлік түрінде жасалынған. Үстінен қақпақпен (2) қыспақтар (3) көмегімен жабылады.
Шәшке - корпусының түбінде дайын қоспаны түсіруге арналған люк қарастырылған. Ол люкті пневмоцилиндр көмегімен жабатын секторлық затвор (жапқыш) бар.
Қақпақтың (2) қозғалатын, қозғалмайтын бөліктері бар. Қақпақтың қозғалмайтын бөлігінде бетон қоспасының құраушыларын жүктеуге арналған қысқа құбырлар және аспирациялық жүйемен байланыстырғыштар, ал қозғалатын бөлігінде байқағыш люк бар.
Қалақша механизмі электрқозғалтқыштан (7) редуктор және тісті беріліс (8) арқылы қозғалысқа келтіріледі.
7.7 - сурет - Роторлық жетегі бар бетон араластырғыш
Араластырғыш жұмысының циклі қысқа құбырлар арқылы мөлшерленіп алынған бетонның сусымалы құраушыларын жүктеуімен бірге бір уақытта судың берілген мөлшерін құя отырып, бірден араластырып, дайын қоспаны түсіруді жүксіздендіруді тесігінің люгі арқылы жүргізуден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |