Тапсырмаларды орындау бойынша қысқаша әдістемелік нұсқау:
Топтық жұмыс (топпен проблемалық тақырыпты талдау). Топтық жұмыс барысында мемлекет, мемлекет белгілеріне, ҚР Конституциясына анықтама беру. Қазақстандық қоғамдағы азаматтық қоғамның негізгі концеацияларын талдау, өз көзқарасын білдіру.
№8 тәжірибелік сабақ. Қазіргі әлемдегі саяси режимдер және олардың мемлекеттің саяси жүйесімен байланысы.
Жоспар және тапсырмалар:
1.Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері.
2.Авторитарлық саяси режим және оның формалары.
3.Демократияның негізгі теориялары мен модельдері.
4.Демократияның қазіргі формалары. Демократиялық принциптер мен шаралар.
5.Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану үдерісі.
Тапсырмаларды орындау бойынша қысқаша әдістемелік нұсқау:
Эссе(тақырыпқа байланысты ақпаратты талдау) Эссе жазу барысында саяси режимдерді талдап, демократияландыру үрдісіне түсінік бере алады. Мысал ретінде қазақстандық демократия мен дамыған өркениетті елдерді салыстырмалы талдау жасай алады.
№9 тәжірибелік сабақ. Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері.
1.Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде.
2.Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы.
3.Пропорционалды сайлау жүйесі, оның түрлі елдердегі ерекшеліктері.
4.Аралас сайлау жүйелері. Көпсатылы сайлау.
5.Сайлау шаралары мен сайлау компаниялары. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама.
6.ҚР электоралдық үдерістің ерекшеліктері.
Тапсырмаларды орындау бойынша қысқаша әдістемелік нұсқау:
Семинар (үлестімелі материалмен жұмыс). Семинар жұмыстары топқа үлестірмелі материалдардағы тапсырмаларды жеке беру арқылы жүргізіледі. Демократия, сайлау, электоралды сайлау түсініктеріне анықтама беріледі. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы ашу.
Бұл жұмыстың мақсаты студенттерді бағалауды толық қамту және студенттің өз ойын еркін айтқызу.
№10 тәжірибелік сабақ. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар: жұмыс істеу ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |